Кеше Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Назарбаев Университеттің алғашқы түлектерінің оқу орнын бітіруге арналған салтанатты шарасы аясында Сингапур ұлттық университетінің Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебінің деканы Кишор Махбубани бастаған ғалымдар тобымен кездесті. Кездесуге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы қатысты.
Мемлекеттік хатшы елдер арасындағы екіжақты байланыстардың жоғары деңгейін айтып, достық қатынастардың нығаюына Сингапур мемлекеттілігінің негізін қалаушы Ли Куан Ю-дің зор үлес қосқандығын атап көрсетті. Соның ішінде, тұрақты негізде түрлі деңгейдегі делегациялармен өзара алмасулар жолға қойылған. Айталық, Назарбаев Университет пен Жоғары мемлекеттік саясат мектебі стратегиялық серіктес болып табылады.
Гүлшара Әбдіқалықова әңгімелесушілерге Мемлекет басшысы ұсынған 5 институттық реформаны, соның бірі – экономикалық бағдарламаларды сапалы іске асыруды қамтамасыз ететін және мемлекеттік аппаратты қалыптастыратын реформаны іске асыру барысы туралы хабардар етті.
Мемлекеттік хатшы Сингапурдың бұл бағытта елеулі табысқа қол жеткізгенін атап өтті және Қазақстанның кадрлар даярлау, дарынды жастарды іріктеу мен оларға одан әрі білім беру, соның ішінде «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде оқыту мен қолдау саласы бойынша барынша тиімді ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді.
Сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексі рейтингісінің жоғары (7-орын) сатысын нақтылаған ел ретінде сингапурлық делегация өз елінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тәжірибесіне кеңінен тоқталды.
Мемлекеттік хатшы сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды кең ауқымда насихаттау саласындағы Сингапурдың тәжірибесіне Қазақстан қызығушылық танытатынын айтты.
Кездесудің соңында Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықова Назарбаев Университеттің Жоғары мемлекеттік саясат мектебі мен Сингапур ұлттық университетінің Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебінің өзара тиімді серіктестік қарым-қатынастары Қазақстанның адами әлеуетінің одан әрі сапалы дамуына септігін тигізетіндігіне сенім білдірді.
Раушан ТӘУІРХАНҚЫЗЫ,
• 16 Маусым, 2015
Мемлекеттік хатшы сингапурлық ғалымдармен кездесті

Алматыда лай көшкінінен ғимараттың шатыры зақымдалды
Оқиға • Бүгін, 10:57
2026 жылдың ең ықпалды адамдары анықталды
Әлем • Бүгін, 10:50
Алматыдағы нөсер жаңбыр: Коммуналдық қызмет күшейтілген режимге көшті
Алматы • Бүгін, 10:41
Әскерде телефон қолдану тәртібі жеңілдейді
Қоғам • Бүгін, 10:30
Астанада бірқатар аялдаманың атауы өзгерді
Елорда • Бүгін, 10:22
Жаңбыр, дауыл, тұман: Елімізде ауа райы күрт құбылады
Ауа райы • Бүгін, 10:03
Базардағы жаңа тәртіп: Баға айқындалып, бақылау тетіктері күшейеді
Сауда • Бүгін, 09:55
Елімізде табиғи газ тұтынушылар саны 13 миллионға жетті
Қоғам • Бүгін, 09:43
Руханият • Бүгін, 09:25
Қаржы • Бүгін, 09:22
Қоғам • Бүгін, 09:22
Әдебиет • Бүгін, 09:20
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:18
Шахмат • Бүгін, 09:15
Өнер • Бүгін, 09:12