Референдум 2024 • 06 Қазан, 2024

Шетелдегі ел азаматтары референдумда белсенділік танытып жүр

83 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық референдум комиссиясы  АЭС салу бойынша референдумның шетелдегі  учаскелерінің ашылуы туралы  баспасөз конференциясын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шетелдегі ел азаматтары референдумда белсенділік танытып жүр

Фото: Ерлан Омар/Egemen Qazaqstan

Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко 59 мемлекетте дауыс берушілердің жалпы саны 12 307 адамнан тұратын 74 учаскелік референдум комиссиясы құрылғанын хабарлады. Бүгінгі күні таңғы сағат 8:15-тегі жағдай бойынша шетелде 26 учаскелік референдум комиссиясы жұмыс істей бастады. Тағы 48 учаске ашылады деп жоспарланып отыр.

«Жақын арада Орта Шығыс және Еуропада орналасқан учаскелер өз жұмысын бастайды. Жалпы шетелдегі азаматтарымыздың дауыс беру үрдісі белсенді болып жатқанын байқауға болады», деп атап өтті Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко.

Уақыт айырмашылығына байланысты Астана уақыты бойынша сағат 16:00-де Вашингтон, Нью-Йорк, Октава қалаларындағы және Астана уақыты бойынша сағат 20:00-де Сан-Франциско қаласындағы референдум учаскелері жұмысын бастайды.