Аймақтар • 06 Қазан, 2024

Маңғыстау тұрғындары референдумда дауыс бере бастады

74 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін облыстағы дауыс беру учаскелері таңғы сағат 7:00-ден бастап ашылды. Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалып, тұрғындар таң сәріден дауыс беруге қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстау тұрғындары референдумда дауыс бере бастады

Маңғыстау облысында 435 162 адам дауыс беруге құқылы. 250 учаскеде 1 734 адам жұмыс істеп жатыр.

250 учаскенің 238-і халықпен тікелей жұмыс істейді. Ал 12 жабық сайлау учаскесінде ауысым қызметкерлері, тергеу изоляторындағы тұтқындар, ауруханадағы науқастар дауыс береді.

«Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның 4-бабының 4-тармағына сәйкес референдумға қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, шет мемлекеттерден және халықаралық ұйымдардан байқаушылар қатысады. Облыста 6 қоғамдық бірлестік аккредитациядан өткен.  Референдум кезінде ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға ерекше көңіл бөлінеді. Қазіргі таңда облыста дауыс беру құқығына ие 2 923 мүмкіндігі шектеулі азамат тұрады. Олар үшін арнайы бөлмелер дайындалды.