Аймақтар • Бүгін, 11:24

Көше тазалығына жауапты қызметкер бірінші болып дауыс берді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарақия ауданындағы 145 сайлау учаскесіне таңғы сағат 7:00-де ең бірінші болып келген қарапайым көше тазалаушы Ажархан Қармысова өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көше тазалығына жауапты қызметкер бірінші болып дауыс берді

«Менің атым Ажархан Қармысова, тазалық сақтау салатында қызмет етемін. Осы жасқа келсем де көпшілік науқаннан қалған емеспін, бүгін бірінші болып келіп, ел болашағы үшін дауыс бердім. Арнайы сыйлыққа да ие болдым, сау болыңдар. Еліміз аман болсын!», деді қарапайым еңбек адамы.

Айта кетейік, Қарақия ауданында дауыс беру құқығына ие 20 мың 249 сайлаушы бар. Аудан бойынша барлығы 18 сайлау учаскесі таңғы сағат 7:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

 

Маңғыстау облысы