Фото: Ерлан ОМАР
Брифинг барысында «Egemen Qazaqstan» газетінің Саясат және құқық бөлімінің меңгерушісі Орынбек Пазылов Президентке «Халықаралық пәндік олимпиадада жеңімпаз атанған дарынды оқушыларға қолдау көрсеткен едіңіз. Жас шахматшылардың әрбір қадамын да назарда ұстап, қолдап келе жатқаныңызды білеміз. Мұндай қадамның астарында қандай мән бар?» деген сауал қойды.
«Мәні терең. Себебі мен жастарды қолдаймын. Мұны үнемі айтып келемін. Мемлекетіміздің келешегі – жастардың қолында. Ол жәй ұран емес. Бұл – біздің басты саясатымыз. Сондықтан келешекте де біз жастарды қолдаймыз. Оларға жәрдем береміз. Әсіресе, дарынды жастарды қолдауымыз керек. Кеше ғана мұғалімдерге, ұстаздарға марапат табыстадым. Өз сөзімде мұғалімдер бұл қоғамымыздың озық тұлғалары екенін айттым. Олар дарынды жастарға білім беріп жатыр. Сондықтан жастарды да, оларды оқытып жатқан мұғалімдерді де мемлекет қолдайды. Сонымен қатар мен кеше ғана ұстаздар қоғамымыздың басты кейіпкері болуы керек екенін айттым. Сондықтан оларға жәрдем беріп, ұстаздардың беделін, қоғамдағы мәртебесін көтереміз», деді Президент.