Референдум 2024 • 06 Қазан, 2024

Қостанай жастары белсенді дауыс беріп жатыр

83 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жақында ғана 18 жасқа толған Қостанай қаласының тұрғыны Шыңғысхан Бүркітбай №74-ші учаскеге келіп дауыс берді. Бұл сайлау учаскесіне 2316 тұрғын тіркелген.

Қостанай жастары белсенді дауыс беріп жатыр

«Мұндай маңызды іс-шараға тұңғыш рет қатысып, өзімнің азаматтық таңдауымды жасадым. Ел болашағы үшін дауыс бердім. Бұл, әсіресе, жастар үшін маңызды референдум деп ойлаймын. Өйткені болашақ – жастардың қолында. Дауыс беру құқына ие әрбір азамат бүгінгі мүмкіндікті пайдалануы керек», дейді Шыңғысхан.

Аталған учаскеде Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Татьяна Ескендірова да дауыс берді.

«Бүгінгі референдумның маңызын өте жақсы түсінемін. Таңдау жасау әркімнің өз еркі. Бүгін - еліміз үшін тарихи күн. Өздеріңіз көріп тұрсыздар, учаскеге келіп кетіп жатқандардың ішінде жастардың қарасы көп. Бұл өкшемізді басып келе жатқан кейінгі буынның ел келешегіне бей-жай қарамайтынын көрсетеді», дейді Татьяна Ескендірова.

щ

 

Қостанай облысы