Референдум 2024 • 06 Қазан, 2024

Қызылордада 103 жастағы майдангер өз таңдауын жасады

100 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысы, Сырдария ауданында маңызды саяси науқанда учаскеге алғаш болып келген 103 жастағы майдангер өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылордада 103 жастағы майдангер өз таңдауын жасады

фото Қызылорда ӨКҚ

Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасыров референдум күні алғашқылардың бірі болып таңдау жасады. Қария бұл күннің маңыздылығына тоқталып, комиссия мүшелеріне ақ батасын берді.
 
- Біз қазақ «Алға тартқан озады, кейін кеткен тозады» деген тәмсілге бас иген халықпыз. Бірлік әрқашанда маңызды. Ел үшін өзекті істерге үлес қосуымыз керек. Сондықтан әрбір саяси науқан кезінде өз таңдауымды жасаймын. Мемлекеттің дамуы келешегіміз үшін қажет. Ұрпақтарымыз аман болсын,-деді майдангер.
 
Айта кетейік, аймақта 380 референдум учаскесі бар.  Өңір бойынша 492 380 тұрғын дауыс берушілер тізіміне енген.