Референдум 2024 • 06 Қазан, 2024

100 жастағы майдангер: Референдумға немеремнің болашағы үшін келдім

79 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қосшы қаласының ең сыйлы тұрғыны, жақында 100 жасқа толатын Ұлы отан соғысының ардагері Нұрғасым Әжітаев референдумға келді, деп хабарлайды Egemen.kz.

100 жастағы майдангер: Референдумға немеремнің болашағы үшін келдім

фото СҚО ӨКҚ

Ғасыр құрдасы өзін әлі де тың сезінеді және ел өміріндегі елеулі оқиғадан қалыс қалуды жөн деп санамайтынын айтады. 

«Мен үшін бейбітшілік пен бірлік – ең маңызды құндылықтар. Мен референдумға балаларымыздың, немерелеріміздің болашағы үшін келдім. Еліміздің іргесі берік, тұғыры орнықты болсын», деді ардагер.

Нұрғасым Әжітаев 1925 жылы бұрынғы Семей облысы, Абралы ауданы, Сарықамыс ауылында дүниеге келген. 1943 жылы майданға шақырылып, Новосібірдегі снайперлік училищеде оқиды.

Ардагер екінші дүниежүзілік соғыстың ең ірі шайқастарына, соның ішінде Курск шайқасы мен Берлин штурмына қатысты. Әскери жолы үшін «Жапонияны жеңгені үшін», «ІІ дәрежелі Отан соғысы» медальдарымен және Маршал Жуковтың медалімен марапатталған.

Отбасындағы  7 бала, 10 немере, 9 шөбересі аталарын мақтан тұтады.