Сурет: afisha.yandex.ru
Мен мұнда Абай мен Тоғжан, Шәмші, Мұқағали, Тастан мен Салтанат, Қайыркенмен қайта қауышуға келдім. Қазақстан қалаларына гастрольдік сапармен келгенде де жергілікті халық Музыкалық жас көрермен театры спектакльдерін ерекше ыстық ықыласпен тамашалайтынын жиі естіп жүрмін. Баспасөз беттерінде де аз жарияланып жатқан жоқ.
Театр. Сахна шымылдығы... Көрермен қошеметінің белгісі – қол шапалақтаудан кейін спектакль басталысымен-ақ, жүрек тебіреніп, көңіл шіркіннің сезімге толы пернелерін шертері сөзсіз. Кейіпкерлермен бірге бір кемеде жүзгендей күй кешесің.
Шымылдық жабылады. Қойылым соңындағы көрерменнің қошеметі актерлер өнері мен олардың еңбегіне деген жоғары баға емес пе? Бас ию мен құрмет белгісі деп білемін.
Біраз уақытқа дейін қойылым әсерінен шыға алмай, сол сезім жетегіндегі көрермен қалаған театрына қайта-қайта барары сөзсіз...
Ғазиза ӘЛІБАЙ
Түркістан облысы,
Ордабасы ауданы