Сурет: pavlodarnews.kz / Константин Шелков
Атақты ғұлама Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы: «Қазаққа қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын заман әлі-ақ келеді» деп айтып кеткен. Өзім таңдау жасаған уақытта еліміздің әл-қуаты тасып, келешегі кемел, экономикасы дамысын деп тұрып дауыс бердім. Барлық жұрттың ойлағаны да, көздегені де – тыныштық. Еліміздің шекарасы бүтін, халықтың көңілі тоқ болса, одан артық бақыт жоқ.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әр Жолдауларында еліміздің қарыштап дамуына қажетті қадау-қадау мәселелерді қамтиды. Атап айтқанда, өнеркәсіп, туризм, ауыл шаруашылығы салаларын дамыту және инфрақұрылымды нығайту мәселелеріне зор мән берді. Сондай-ақ энергетикалық қауіпсіздік, тариф саясатын қайта қарау, елді газбен қамтамасыз ету мәселелері де назардан тыс қалмайды. Ел келешегіне қатысты маңызды мәселені жалпыұлттық референдумда шешілетінін айтып, оның нәтижесін бүгін таразыға салып отырмыз. Жалпы, бұл референдум тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған экономикалық іс-шара деп түсінемін.
Бақытжамал МАКСИЛОВА,
Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің төрағасы