Бокс • 08 Қазан, 2024

Қазақстан бокс федерациясы тағы бір маманды қызметінен босатты

73 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан бокс федерациясының бірінші вице-президенті қызметінен босатылды, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан бокс федерациясы тағы бір маманды қызметінен босатты

Фото: instagram.com/tukeshov_official

Бұл лауазымды осы жылдың сәуір айынан бері Жалғас Тукешов атқарған еді. Жалғас Тукешов - бокс жанкүйерлеріне танымал маман, көп жыл бойы кәсіби бокс кештерін ұйымдастырып, промоутерлік қызметпен де айналысқан. 

«Жалғас Тукешов Қазақстан бокс федерациясының бірінші вице-президенті қызметінен босаылды. Жалғас Бөкенбайұлына алдағы уақытта сәттілік тілейміз», делінген Қазақстан бокс федерациясының ресми парақшасында.

Бұған дейін тамыз айында ұлттық құраманың бас бапкері болған Мырзағали Айтжанов пен бапкерлік құрамдағы 10 маман да қызметінен босатылған еді. 

Соңғы жаңалықтар

Туризм табысы еселенді

Туризм • Бүгін, 09:55

Жаңа бастама жемқорлықтың алдын ала ма?

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:40

Адам құқы бала құқынан басталады

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:35