Оқиға • 08 Қазан, 2024

Ақтөбеде экологиялық рұқсатсыз жұмыс істеген кәсіпорынға айыппұл салынды

62 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе табиғат қорғау прокурорлары Хромтау ауданында хром кенін өңдеумен айналысатын «Восход Хром» ЖШС-і қызметін тексерген, деп хабарлайды Egemen.kz Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбеде экологиялық рұқсатсыз жұмыс істеген кәсіпорынға айыппұл салынды

Фото: Ақтөбе облысының прокуратурасы

Тексеріс нәтижесі бойынша, компания 2022 жыл бойы міндетті экологиялық рұқсатсыз жұмыс істеген.

«Осы кезеңде атмосфераға 52 тоннадан астам бейорганикалық шаң, 3 валентті хром, магний оксиді және т.б. ластаушы заттардың шығарындылары шығарылған. Сондай-ақ жалпы көлемі 395 мың тонна болатын ірі кесек және шламды байыту қалдықтары нормадан тыс артық, яғни заңсыз деп танылды», деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Прокуратураның шараларымен кәсіпорынға экологиялық рұқсатсыз қызметті жүзеге асырғаны үшін, 2,9 млрд теңгеден астам айыппұл салынған.

Бүгінгі таңда айыппұл толығымен өндіріліп, қаражат бюджетке түскені белгілі болды.