16 Маусым, 2015

Әріптесімен әңгімелесті

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
16-06-2015-zhakypov 02Мәжіліс Төрағасы Қа­би­болла Жақыпов біздің елімізде сапармен жүрген Қыр­ғызстан Жогорку Кене­шінің Төрағасы Асыл­бек Жээнбековпен кездесті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Жүздесуде сауда-эко­но­микалық қатынастарды ны­ғайту, парламентаралық ынты­мақтастықты тереңдету, сондай-ақ, мемлекеттер арасындағы келісімдік-заңнамалық базаны жетілдіру турасында әңгіме қозғалды. Әсіресе, Қырғыз Республикасының ЕАЭО-ға кіруі жөнінде келісімді ратификациялауды жеделдетудің маңыздылығына көңіл бөлінді. Екі ел арасындағы ынты­мақ­тастықтың стратегиялық маңыздылығына назар аудара келіп, Қабиболла Жақыпов Елбасы бастамашы болған 5 институттық реформа туралы және «100 нақты қадам – Ұлт­тық жоспары» туралы баяндады. А.Жээнбеков өз кезе­гінде Қазақстан Прези­ден­тінің көрегендігі мен қазақ­стан­дықтардың береке-бірлі­гінің арқасында келген зор табыстарға тоқталып, біздің еліміздің алға қойған ауқымды мақсаттарға уақытынан бұрын жететініне сенім білдірді. А.Жээнбеков өз сөзінде: – Қазақстан – дамудың, бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтаудың жарқын үлгісі, – деді. ЭКСПО-2017 көрмесіне де көңіл бөлген мәртебелі мей­ман біздің еліміздің әлеуе­тін паш етудің айрықша мүм­кін­дігі екенін айтып, оған Қыр­ғызстанның да белсене қаты­сатынын жеткізді.
Соңғы жаңалықтар

Кітап апталығы басталды

Руханият • Бүгін, 09:25

500 команда білім жарыстырды

Қоғам • Бүгін, 09:22

Бостандық жолы бұралаң...

Әдебиет • Бүгін, 09:20

Он мың ағаш егілді

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:18

Бибісараның тағы бір белесі

Шахмат • Бүгін, 09:15