Пікір • 09 Қазан, 2024

Қазақстанның адамзатқа тартуы

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ватиканның дін қайраткерлері Қазақстандағы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының бірінші съезінен бас­тап қатысып келеді. Мен де осыдан екі жыл бұрын өткен VІІ съезге қатысып, сөз сөйледім. Біз бұл жаһандық жиынды жоғары бағалаймыз және мұны Қазақстанның адамзат баласына жасаған тартуы деп түсінеміз.

Қазақстанның адамзатқа тартуы

Сурет: Солтан Жексенбеков / агентство Kazinform.

Алғашқы съезд өткеннен бері 20 жылдан аса уақыт ішінде сіздердің елдеріңіз әлем тұрғындары мен сая­саткерлерін бейбітшілік пен ынтымаққа шақыратын ізгі ортаға айналды. Біз сондықтан да Қазақстанды «кездесу орны» деп атаймыз. Бүгінгідей жиындар тоқтап қалмай, әрдайым бір-бірімізді қолдап жүруіміз керек. Ең алдымен адамзат­қа деген махабатты басшы­лыққа ала отырып жұмыс істеуіміз қажет. Махаббат пен өзара сүйіспеншілік жүрген жерде кез келген пробле­маны шешудің кілті табылады. Өз басым діндер съезін осындай мүмкіндік әрі тек дін өкілдері арасындағы байланысты нығайтатын алаң ғана емес, сондай-ақ саяси, мәдени, экономикалық, бас­қа да салалардағы қарым-қаты­настарды да бекітетін тетік деп санаймын.

Сол себептен де Рим Папа­сы Франциск 2022 жылы Қазақ­станға алғаш рет апос­­тол­дық сапармен келіп, Әлем­дік және дәстүрлі діндер көш­бас­шыларының VІІ съезіне қатысты. Біз Қазақстан мен Вати­кан арасындағы байла­ныс­тарды, соның ішін­де дін сала­сындағы өзара әрекет­тестік­терімізді жоғары бағалаймыз.

 

Халед АКАШЕ,

Дінаралық диалог Папа кеңесі Ислам мәселелері жөніндегі бюросының

басшысы, монсеньор (Вати­кан)