16 Маусым, 2015

Жаңа нысан

335 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
DSC_0992 Ақжарда сүт өңдеу кәсіпорны ашылды Тарбағатай ауданының Ақжар ауылында сүт зауыты ашылды. Ауыл маңайындағы елді мекендерден сүт қабылдап, өз дүкендерінде өнімдерін делдалсыз сатуды жос­парлап отырған жаңа кәсіпорын «Жұмыспен қамту-2020» бағ­дар­ламасының қолдауымен іске қосылды. «Айзат» ЖШС жетек­шісі Бақытжан Құнафиянов атал­ған нысанға жеке қаражатын да са­лыпты. Сүт цехының өнім­дері аудандағы мектептер мен ба­ла­бақшаларды жергілікті өніммен қамтамасыз етіп, Семей мен Өскемен қалаларындағы дүкен сөрелеріне де түспек. – Бұл  Елбасының 100 нақты қадамын жүзеге асыру аясында қолға алынған жоба. Сүт және сүт өндірісін  дамыту аудандағы тың қадам болып саналады. Енді Ақжар ауылдық округіндегі тұрғындар осы цехқа сүт өткізе алады. Сонымен қатар тұтынушылар сапалы сүт өнімдерін қолайлы бағаға алатын болады, – деді зауыттың ашылу салтанатына қатысқан Тарбағатай ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаев. Кәсіпорын сүт, ірімшік, сары май, айран, сүзбе сынды түрлі сүт өнімдерін шығарады. Ресей мен Қытай елдерінің құрал-жабдықтарымен жабдықталған нысан 5 маманды жұмыспен қамтып отыр. Кәсіпкер келешекте жұмыс орнын көбейтуді көздеп отырғанын жеткізді. Жаңадан ашылған цех жұмысына қызу кіріскен жас зертханашы Аяужан Серікқызының айтуынша, зауыттың қуаты күніне 5 тонна сүт өндіруге жетеді. Қабылданған сүттің құрамы мен тазалығы зертханалық тексеруден өтеді. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша биыл Тарбағатай ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы сүт бағытындағы ірі қара малын өсіруге, сүт өн­ді­руге 30 млн. теңге қаржы бөлінді. Бүгінде бағдарламаға қаты­су­шы 11 шаруашылық өз жұмыс­тарын бастады. Ауданда сүт тап­сыратын жеке тұлғалар мен шаруа­шылықтардағы ірі қара малының ветеринариялық жағдайын бақылау қызметі жолға қойылды. Осы арқылы тұрғындар сапалы әрі таза сүтпен қамтамасыз етілмек. Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан». Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы.