Ғылым • 10 Қазан, 2024

Бірлескен зерттеулерді қаржыландыру жүйеленеді

53 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Еліміз шетелдік оқу ордаларымен жоғары білім сапасын арттыру, университеттегі ғылымды дамыту мақсатында әріптестікті нығайтып келеді. Бұл ретте бірнеше жоба жүзеге асырылып жатыр. Соның бірі – әлемнің дамыған елдеріндегі жоғары оқу орындарының Қазақстандағы филиалдарын ашу. Аталған жұмыс соңғы кезде адам капиталын өңірлерде дамытуға бағытталып жатқандай.

Бірлескен зерттеулерді қаржыландыру жүйеленеді

Мұндай ойға яки бол­жамға келуімізге Ғы­­лым және жоға­ры білім министрі Саясат Нұр­бек­тің Италия Республикасы Уни­верситеттер және зерттеу­лер министрі Анна Мария Берни­нимен кездесуі себеп болған-ды. Министрліктің таратқан ақ­паратына сүйенсек, кездесуде екі елдің жоғары білім мен ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастықтың басты бағыт­тары талқыланды. Тараптар сту­денттер мен оқытушылар ал­­ма­су бағдарламаларын, сон­дай-ақ бірлескен зерттеу жоба­ларын іске асыру келешегін талқылады. Екі­жақты ынтымақтастықтың маңыз­дылығы да сөз болды. Сонымен қатар ортақ зерт­теулерді өзара қызығушылық тудыратын салаларда бірлесіп қаржыландыруға келісті.

Өткен жылы Римде қол қо­йыл­­ған өзара түсіністік тура­лы меморандумды дамыту мақ­са­тын­да басым бағыттарды анық­тайтын, жаңа ұсыныстар әзір­лей­тін бірлескен басқару ко­митеті құ­рылатын болды. Сондай-ақ уни­верситеттер арасындағы келі­сім отандық және италиялық сту­дент­терге арналған қос дип­лом бағ­дарламасын іске асыруды қа­растырады. Жүздесудегі негізгі нә­­тижелердің бірі І.Жан­сүгіров атын­­дағы Жетісу универ­ситетінің ба­за­сында Марке поли­техника­лық уни­верситетінің филиалын ашу ту­ралы келісімге қол қою болды.

Министр Саясат Нұрбек Қазақ­стан мен Италияның білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықтың маңызын атап, Жетісу университетінің ғылыми зерттеу қызметін дамы­тудағы үлесіне тоқталды. «Жетісу университеті зерттеу қызметін белсенді дамытып жатыр. Оқу орнының Марке политехника­лық университеті секілді жетек­ші шетелдік университеттер­мен тығыз байланыс орнатуы өңірді білікті техникалық мамандармен қамтамасыз етудің негізгі факторына айналады. Прези­дент Қасым-Жомарт Тоқаев елі­міз­дегі мамандар тап­шы­лығы мәселесін бірнеше рет атап өтті. Халықаралық серік­тестер­мен ынтымақтастық тәжі­рибе алмасуға, оқытушылар құра­мының біліктілігін арттыру­ға, білім сапасын жақсартуға мүм­кін­дік береді», деді Саясат Нұрбек.

Осы ретте Италия Респуб­ликасының Университеттер және зерттеулер министрі Анна Мария Бернини: «Орталық Азия – тұрақты және қауіпсіз аймақ әрі маңызды геосаяси орталық. Бұл өңір жоғары білім саласында ғана емес, экономикалық, коммерциялық тұрғыдан да үлкен мүмкіндік ұсынады, сон­дықтан Италия үшін страте­гиялық маңызға ие», деді. Оның ойынша, еліміздің ада­ми капиталды дамытудағы сая­саты, университетаралық ын­ты­мақтастықтағы белсенділігі – айрықша. Италия универ­ситеттері жыл сайын Қа­зақ­станнан жүздеген студентті қа­былдайды, ал бірлескен қар­жыландырумен іске асырылатын ғылыми жобалар екіжақ­ты диалогтің маңызды элементі болмақ.

Кездесу соңында Саясат ­Нұр­бек пен Анна Мария Бер­ни­ни ынтымақтастықтың та­быс­ты дамитынына сенім білді­ріп, жо­ғары білім саласында­ғы интеграция және тәжірибе алмасу жолдарын жалғастыруға келісті.