Орталық коммуникациялар қызметінде «Кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру» тақырыбында брифинг өтті. Оған Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессорлары Жаңылжан Жүнісова мен Ләйла Асылбекова қатысты.
Спикерлер мемлекеттік қызмет саласын уақыт талабына сай жетілдірудің күн тәртібіне шығарылуы ел дамуына жаңаша серпін беретінін айта келіп, қазіргі таңда осы бағытта атқарылып жатқан шараларға тоқталды.
Жиын барысында Ләйла Асылбекова:
– Кәсіби мемлекеттік аппаратты құру үшін ең алдымен мемлекеттік қызметшінің жағымды келбетін қалыптастыру қажет. Мәселен, мемлекеттік қызметкердің бойында мақсатқа жетсем деген талпынушылық, мінез-құлық әдептілігі, ынтымақтастық, ұйымдастырушылық дарын, бәсекеге қабілеттілік, жан-жақтылық, бейімделу мен бағдарлау қасиеттері болғаны жөн. Мұндай бағалау талабы «А» корпусымен қатар «Б» корпусына іріктелуде сыналатын үміткерлерге де қойылады, – деді.
Сондай-ақ, ол Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының оқыту бағдарламасы тұрғысында сөз ете отырып, азаматтардың біліктілік тәжірибесін, мінез-құлық әдептілігін және өзара түсіністік қағидатын біріктіре оқыту мемлекеттік қызмет жүйесінде орын алатын жемқорлықтың алдын алуға сеп болады әрі қызметшінің жеке қасиеттерінің деңгейін сынауға мүмкіндік береді деп есептейтінін жеткізді.
Брифингте спикерлер Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы Қазақстан халқының болмысына толықтай сәйкес келетіні жөнінде де әңгімелеп берді.
Өз кезегінде Жаңылжан Жүнісова:
– Кез келген елдің дамуы үшін сол халықтың ең жақсы қасиеттерін біріктіретін және оған сәйкес келетін, алға бастайтын бір идея қажет. Мысалы, «Америка арманы» бізге жарамайды, себебі, оның негізі қазақстандықтарға тән емес. Біздің діліміз де, салт-дәстүріміз де басқа, – деді.
Оның айтуынша, «Мәңгілік Ел» идеясында азаматтық теңдік, еңбекқорлық, ғылымға деген құштарлық, толеранттылық, әділдік, отансүйгіштік секілді таза қазақстандық рухани құндылықтар өте жақсы үйлесім тапқан.
Басқосуда белгілі болғандай, «Нұр Отан» партиясының Қоғамдық саясат институты жақында азаматтық біртектілік туралы сауалнама жүргізіпті. Сұрау салынғандардың 70 пайызы өздерін, ең алдымен, Қазақстан азаматтары ретінде сезінетінін айтқан. Бұл – аса жоғары көрсеткіш.
Жолдыбай БАЗАР,
«Егемен Қазақстан».

Алматыда лай көшкінінен ғимараттың шатыры зақымдалды
Оқиға • Бүгін, 10:57
2026 жылдың ең ықпалды адамдары анықталды
Әлем • Бүгін, 10:50
Алматыдағы нөсер жаңбыр: Коммуналдық қызмет күшейтілген режимге көшті
Алматы • Бүгін, 10:41
Әскерде телефон қолдану тәртібі жеңілдейді
Қоғам • Бүгін, 10:30
Астанада бірқатар аялдаманың атауы өзгерді
Елорда • Бүгін, 10:22
Жаңбыр, дауыл, тұман: Елімізде ауа райы күрт құбылады
Ауа райы • Бүгін, 10:03
Базардағы жаңа тәртіп: Баға айқындалып, бақылау тетіктері күшейеді
Сауда • Бүгін, 09:55
Елімізде табиғи газ тұтынушылар саны 13 миллионға жетті
Қоғам • Бүгін, 09:43
Руханият • Бүгін, 09:25
Қаржы • Бүгін, 09:22
Қоғам • Бүгін, 09:22
Әдебиет • Бүгін, 09:20
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:18
Шахмат • Бүгін, 09:15
Өнер • Бүгін, 09:12