Коллаж: Ш.Адамбекова
Арман Қасеновтың айтуынша, АЭС құрылысын бөліп төлеуге болады.
«АЭС-тің құрылысымен айналысатын елдер туралы шешім қабылданған жоқ. Осыған сәйкес, АЭС құрылысын қаржыландырудың бір нұсқасы - оны бөліп-бөліп алу екенін білемін. Оны салатын компания төлемді кейінге қалдыруы мүмкін. Тиісінше, оны қаржыландыру үшін қаражат дәл қазір қажет болмауы да мүмкін. Бірақ қазір бұл туралы нақты айта алмаймыз, өйткені оны кім салатыны әлі белгісіз», деді ол.
Еске сала кетейік, 6 қазанда Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өткен еді. Орталық референдум комиссиясының мәліметінше, ел азаматтарының 71,12 пайызы АЭС салуды қолдаған.