Жастар • 11 Қазан, 2024

Тазалық – мәдениет өлшемі

67 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Референдум аяқталғаннан кейін жастар үгіт-насихат материалдарын жинау акциясын бастады. «Amanat» партиясының жас белсенділері бұл қа­дамды саяси жауапкершілікті арттырудың, қор­ша­ған ортаға қамқорлық жасаудың бір бөлігі дейді.

Тазалық – мәдениет өлшемі

«Жастар рухы» жас­тар қ­а­на­ты таңертеңнен бас­тап Қонаев қа­ла­­сының орталық көше­ле­рін­­дегі үгіт-насихат парақ­ша­ла­ры мен жарнамалық мат­е­риал­­дар­­ды жинап шық­ты. Осы­­лайша, аймақтағы бел­сен­ді­лер бірлесе қоғамдық орын­­­дар­ды қалпына кел­тіру жұ­­­мыс­та­рын жүргізді. Нәти­же­­сінде, нау­қан­ның ал­ғашқы кү­нінде-ақ Алматы облы­сының бір­неше ау­­­да­­­­нындағы көше­лер таза­­­ла­­­нып, үгіт-насихат мате­риал­­­дары то­лығымен алынды. Оң бас­тама әлеу­меттік желі қол­да­ну­­шы­ла­рын да бейжай қал­дыр­­мады.

ва

– Бұл акция партия­ның науқаннан кейін де қоғамға қызмет ететінін аңғартады. Референ­дум сияқты үлкен саяси оқи­ғадан кейін тазалықты сақтау – халық алдындағы жауапкершіліктің бір көрінісі. Науқан кезінде көшелер мен қоғамдық орындарға ілінген үгіт-насихат материалдары халыққа маңызды ақпарат жет­кізді. Бірақ науқан біткен соң оларды алып тастап, тазалықты қамтамасыз ету – әр азаматтың міндеті. Бұл тек тазалық емес, біздің мәдениетіміздің деңгейін көрсетеді, – деді «Amanat» пар­тиясы Алматы облыстық филиа­лының өкілі Әсем Елиманова.

Бастысы, тазалық акция­сы Алматы облысымен шек­­телмей, еліміздің басқа өңірлерінде де жалғасып жатыр.

– Біз тек үгіт-насихат кезе­ңінде ғана белсенді болғымыз келмейді. Нау­қан аяқталған соң, артына қоқыс қалдырып кету – жат қылық. Сондықтан осы акция аясында елдің жауап­кершілікті сезінуіне үлгі бол­ғы­­мыз келеді. Бұл – біздің елге, қоғамға және өз таңдауы­мыз­ға деген құрметіміз. Қара­пайым қадам болса да, оның ма­ңы­з­ы зор, – деді «Жастар рухы» ЖҚ-ның белсендісі Медет Бекбергенов.