«ҚазАгро» ұлттық холдингі егін егу және жинау науқандарын қаржыландырды
Мамырдағы ақ жауын диқанның қолын біраз байлады. Меңдіғара, Сарыкөл, Ұзынкөл, Қарабалық секілді облыстың солтүстігінде жатқан аудандарға жаңбыр жылдағыдан бірнеше есе көп жауды. Көктемнің әр күнін тиімді пайдалануға тырысқан диқандар қырды қарбалас еңбекке бөледі. Алайда, қолда заманауи техника болмаса, диқанның ойы жүзеге аспайды. Меңдіғара ауданындағы «Восток-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Жамбыл Амантаев биылғы көктемде ауа райы қалай құбылса да, дәнді сеуіп үлгерді. Негізі агрономиялық талаптар бойынша дән себу жұмыстары мамыр айының 18-інен басталуы керек еді. Оған жаңбыр мүмкіндік бермеген соң, шаруашылық егін алқабына мамырдың 22-сінен шықты. Қолындағы қуатты техникалардың арқасында маусым айының 5 күні дән себуді толық аяқтады. Облыс әкімі Нұралы Сәдуақасов маусымның 10-ына дейін көктемгі дала жұмыстарын аяқтағандарға ғана субсидия берілетінін айтқан болатын. Енді ол субсидияға да ілінетін болды.
– Бәрінен бұрын дәнді және майлы дақылдарды уақытысында егіп алғанымызға қуанып отырмыз. Енді күзгі астық жинау науқаны кезінде ауа райы қалай боларын уақыт пен табиғат көрсете жатар. Бірақ озық техниканың арқасында ауа райы қалай құбылса да, жерге бір дән қалдырмай жинап аларыма сенімдімін, – дейді Жамбыл Амантаев.
Жамбыл Саттарбекұлының бұл сөзі көктемгі дала жұмыстарын бітіріп, демін бір алған диқанның мұртынан күлген мақтанышы секілді естілсе, несі бар. Бірақ шыны да осы. Өйткені, өткен жаңбырлы күзде қолында қуатты техникасы жоқтардың егіні қардың астында қалды. Ал «Восток-1» шаруашылығында алқаптың астығы түгел орылып, бастырылды. Жаңбырдан кейінгі жиналған дәннің ылғалдылығы 20 пайыздан асып кетті. Оны кептірмесе, лездің арасында қызып, жанып кетеді, ондай астық малға жем етіп беруге де жарамай, далада қалады. Ал Жамбыл Амантаевтың осыдан 2 жыл бұрын алған дән тазалайтын және кептіретін кешенінің арқасында ешқандай дән шығыны болмады. Дән кептіргішке 12 мың тонна астығын кептіріп алды. Алдыңғы жылы 6 мың тонна астық кептірген болатын. Шаруашылық жинаған астығы өзгелерге тұқым ретінде сатылады. Сондықтан дәннің сапасы олар үшін өте маңызды.
– Шаруашылықтың 86 миллион теңге тұратын мұндай керемет техниканы ақшаны қолма қол санап беріп алуға шамасы келмейді. «ҚазАгро» ұлттық холдингінің қаржыландыруымен оған қолымыз еркін жетті. Егер бұл дән кептіргіш болмағанда шаруашылықтың қазір не күйде боларын көзге елестете алмаймын, – дейді дейді Жамбыл Амантаев.
Шаруашылық «ҚазАгро» ұлттық холдингінің қолдауымен 2007 жылдан бастап техникасын жаңартты. Сол жылы лизингпен көктемгі дала жұмыстарын атқаруға арналған 4 техника кешенін сатып алды. Оның екеуі Jonn Deere, екеуі Buhler тракторы болды. Одан кейінгі жылдары 4 комбайн және бір тиегішке тағы қол жеткізді. Лизингті жеті жыл мерзімде белгілі шарттарын орындай отырып, төлеп шығады. Бұл диқан үшін мол мүмкіндік екені белгілі.
– Техникалардың қолайлылығы мен сапасын айтып жатудың өзі артық. Биыл ауа райының жаңбырлы болуы егінді аз уақыттың ішінде себуді міндеттеді. Сонда күндіз-түні осы техникалар қырда жұмыс істеді. Бір дән себетін кешен үш К-700 тракторының орнын ауыстыра алады. Дән сепкіш кешен тәулігіне 200 гектардан аса жерге дән сіңірсе, К-700 тракторының қуаты тәулігіне 70-80 гектардан аспайды. Жұмыс үш еседей артық орындалмай ма? Тиімділігі өте жоғары. Механизаторлар комбайнды да, тракторларды да ұршықша үйіреді. Түннің тас қараңғысында да дән септік, – дейді Жамбыл Амантаев.
Биыл көктемгі егін және астық жинау науқандарын жүргізуге «ҚазАгро» ұлттық холдингі 100,6 млрд. теңге бағыттады. Бұл көрсеткіш холдингтің өткен жылы осы мақсаттарға жұмсаған қаржысынан 16 пайызға жоғары. Қаржыны холдинг бидайды форвардтық сатып алу, екінші деңгейлі банктердің кепілдігімен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін несиелендіру, несие серіктестерін несиелендіру, ауыл шаруашылығы техникасының лизингі және тағы басқа тәсілдер арқылы қалайда диқандарға қолжетімді етеді. Осы мақсатта холдинг ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін несиелендіру үшін ЕДБ қорландыру құралын қолданып отыр. Бағдарламаға қатысушы банктердің саны да екі есеге дейін өсті, бұрын 4 банк қатысса, қазір олардың саны 8-ге жетті. Банктер арқылы қаржыландырудың жалпы көлемі 33,5 млрд. теңге соманы құрайды. Бүгінгі күні оның 99 пайызы игерілді.
– «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы көктемгі дала жұмыстары шеңберінде 8,7 млрд.теңгені құрайтын 994 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын лизингке алуды қаржыландырды. Астық жинау науқанына 1156 комбайн алуға өтініш қабылданды, оның барлығы 9,1 млрд. теңге тұрады. Сондай-ақ, 4,6 млрд.теңгеге 614 комбайнға қаржылық лизинг келісімшарттары жасалды, – дейді «ҚазАгроҚаржы» АҚ Қостанай облысы бойынша филиалының директоры Нұрлан Қапсаматов. Мұның сыртында отандық өндірістегі комбайндарды жеңілдетілген шарттар бойынша алуға «Егін-2015» бағдарламасы енгізілетін болады. «Агробизнес-2020» бағдарламасы бойынша субсидиялауды ескере отырып, сыйақы мөлшері 6,4 пайызды құрайды. Бұл жеңілдік бидай тазалау және бидай кептіру жабдықтарын лизингке алу үшін де қолданылатын болады.
Ал Қостанай облысы бойынша көктемгі дала жұмыстарына 724,1 млн. теңгеге 48 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын лизингке сатып алу қаржыландырылды. Жалпы сомасы 1262,7 млн. теңгеге 65 бірлік астық жинау техникасын сатып алуға өтініштер қабылданды, жиынтық сомасы 541,4 млн. теңге болатын 29 бірлік техникаға қаржы лизингі шарттары жасалды. Диқанның көңіліндегі де, көктен тілегені де осы болатын.
Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,
«Егемен Қазақсан».
ҚОСТАНАЙ.
• 16 Маусым, 2015
Диқанның көңіліндегі орындалса, көктен тілегені де келеді

Алматыда лай көшкінінен ғимараттың шатыры зақымдалды
Оқиға • Бүгін, 10:57
2026 жылдың ең ықпалды адамдары анықталды
Әлем • Бүгін, 10:50
Алматыдағы нөсер жаңбыр: Коммуналдық қызмет күшейтілген режимге көшті
Алматы • Бүгін, 10:41
Әскерде телефон қолдану тәртібі жеңілдейді
Қоғам • Бүгін, 10:30
Астанада бірқатар аялдаманың атауы өзгерді
Елорда • Бүгін, 10:22
Жаңбыр, дауыл, тұман: Елімізде ауа райы күрт құбылады
Ауа райы • Бүгін, 10:03
Базардағы жаңа тәртіп: Баға айқындалып, бақылау тетіктері күшейеді
Сауда • Бүгін, 09:55
Елімізде табиғи газ тұтынушылар саны 13 миллионға жетті
Қоғам • Бүгін, 09:43
Руханият • Бүгін, 09:25
Қаржы • Бүгін, 09:22
Қоғам • Бүгін, 09:22
Әдебиет • Бүгін, 09:20
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:18
Шахмат • Бүгін, 09:15
Өнер • Бүгін, 09:12