Фото: Алматы ақшамы
Астана қаласының прокуратурасы 27 жастағы жігіттің таныс қызын ұрып-соғуына қатысты ісін қараған.
Анықталғандай, құқық бұзушы жәбірленушіге қатысты балағат сөздер айтқаны үшін бұрын әкімшілік жауаптылыққа тартылған. Сотталушы Қылмыстық кодекстің 109-1-бабы «Ұрып-соғу» бойынша кінәлі деп танылып, 10 тәулікке қамауға алынған.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
Айта кетейік, биыл денсаулыққа жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғуға байланысты құқық бұзушылықтар бойынша қылмыстық заңнамаға өзгерістер енгізілген еді. Осы жылдың өткен кезеңінде аталған қылмыстарды жасағаны үшін 34 адам сотталған. Оның ішінде 20-сы қоғамдық жұмысқа тартылып, 9-на айыппұл салынып, 3-қамауға алынып және 2-не бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалған.