Президент • 17 Қазан, 2024

Қ.Тоқаев Ресей-Украина арасындағы қақтығысқа қатысты пікір білдірді

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Astana Think Tank форумында сөз сөйледі, деп жазады Egemen.kz.

Қ.Тоқаев Ресей-Украина арасындағы қақтығысқа қатысты пікір білдірді

Фото: Ақорда

Форумдағы сөзінде ел Президенті Ресей-Украина арасындағы қақтығысқа қатысты пікір білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей-Украина қақтығысын бейбіт түрде шешу жолдарын қарастыруды қолдайтынын атап өтті. 

«Канцлер Шольцпен келіссөз барысында айтқанымдай, Ресейдің әскери тұрғыдан жеңілмейтіні анық. Бұл – Ресейдің әскери әлеуеті, Президент Путин жүргізіп отырған саясатты халқының қолдауы және тарихтың өзі дәлелдеп отырған факт. Сондықтан біз қақтығысты бейбіт түрде шешу жолдарын қарастыруды, барлық мемлекеттің, соның ішінде Қытай мен Бразилияның ақылға қонымды жоспарларын қолдаймыз. Басқа жол жоқ. Әйтпесе, соғыс қос тарапты да жойып тынады. Кейбір әлемдік күштер бұған мүдделі шығар. Бірақ бұл тығырыққа тірейтін жол. Конструктивті келіссөздер арқылы бейбітшілікке ұмтылу – әлсіздіктің белгісі емес, керісінше, стратегиялық парасаттылықтың көрінісі», деді Президент.