16 Маусым, 2015

Ақтауда сумен жабдықтау торабы іске қосылды (фото)

420 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
16-06-2015-Aktau 01АҚТАУ. 16 маусым. Ақтауда орталықтандырылған сумен жабдықтау торабы іске қосылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында стратегиялық маңызы зор нысан Ақтау қаласының жоғарғы шағын аудандарын сапалы ауыз су және техникалық сумен қамтамасыз ету мақсатында салынған. №4 орталық сумен жабдықтау торабының негізгі мақсаты – жаңа шағын аудандарды ауыз сумен қамтамасыз ету. Төртінші орталық сумен жабдықтау торабының құрылысына 2008-2010 жылдары жергілікті бюджеттен бөлінген 480,466 млн. теңге қаражат игерілген. «АС Құрылыс» ЖШС құрылыс жұмыстарын жүргізген мекеме енді 26 адамды тұрақты жұмыспен қамтитын болады. Ақтауда жуырда «Каспий су тұщыту зауытын» іске қосу жоспарланған. Қазір кәсіпорынды жаңғырту мен қайта құрылымдау жұмыстары аяқталуда. Зауыт іске қосылса, тек Ақтау қаласын ғана емес, көрші Мұнайлы, Қарақия және Түпқараған аудандарының бірқатар ауылдарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік туады. Гүлайым Шынтемірқызы. Дерек, сурет: egemen.kz. 16-06-2015-Aktau 02 16-06-2015-Aktau 03 16-06-2015-Aktau 04