29 Қаңтар, 2015

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығы  №178-ө 

329 рет
көрсетілді
34 мин
оқу үшін
2014 жылғы 18 сәуір, Астана қаласы Әлеуметтік келісімшарт нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 815 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушы адамдарды оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу мен мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидаларының 24, 44-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 816 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушы адамдардың кәсіпкерлігін дамытуына мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларының 44-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 817 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушы адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу мен оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидаларының 53-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. Мемлекеттік қолдау көрсету туралы: 1) біліктілігін арттыру, кәсіптік даярлау және қайта даярлау курстарына жіберу жөніндегі әлеуметтік келісімшарт нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес; 2) іске асырылатын инфрақұрылымдық жобаларға жұмысқа орналастыру жөніндегі әлеуметтік келісімшарт нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес; 3) ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу жөніндегі әлеуметтік келісімшарт нысаны осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес; 4) еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру жөніндегі әлеуметтік келісімшарт нысаны осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін. 2. Халықты жұмыспен қамту департаменті: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күннің ішінде оны мерзімдік басылымдар мен «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын; 4) осы бұйрықты облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының назарына жеткізуді қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Қ.Б. Әбсаттаровқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 ақпандағы № 121 қаулысы қолданысқа енгізілген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Министр Т.ДҮЙСЕНОВА. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі №178-ө бұйрығына 1-қосымша Нысан Біліктілікті арттырудың, кәсіптік даярлаудың және қайта даярлаудың тегін курстарына жіберу жөнінде мемлекеттік қолдау көрсету туралы Әлеуметтік келісімшарт _____________________ «___»_____________20__ жыл (жасалған орны) _______________________________ атынан________________________________________ (Халықты жұмыспен қамту орталығының атауы) (уәкілетті өкілдің лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты) __________________________________________________________бұдан әрі «Халықты жұмыспен қамту орталығы» деп аталатын, бір тараптан және___________________________________________________________________________________________________________________________________________, (Бағдарламаға қатысушының тегі, аты,әкесінің аты, жеке басын куәландыратын құжаттың сериясы, нөмірі, қашан және кім берген) бұдан әрі «Бағдарламаға қатысушы» деп аталатын, екінші тараптан,төмендегі туралы осы әлеуметтік келісімшартты (бұдан әрі – келісімшарт) жасады: 1. Келісімшарттың мәні 1. Халықты жұмыспен қамту орталығы Бағдарламаға қатысушыны біліктілікті арттыру, кәсіптік даярлау және қайта даярлау (бұдан әрі – кәсіптік оқыту) тегін курстарына жіберуге, ал Бағдарламаға қатысушы кәсіптік оқытудың өзіне белгіленген түрінен Қазақстан Республикасының заңнамасында, кәсіптік оқыту келісімшартында және оқу ұйымының ішкі тәртібімен айқындалған тәртіппен және шарттармен өтуге міндеттенеді. Келісімшарт шеңберінде Бағдарламаға қатысушыға мынадай мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі: ___________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________ (Бағдарламаға қатысушыға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілсін) 2. Келісім тараптары Халықты жұмыспен қамту орталығы, Бағдарламаға қатысушы, ал Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 815 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушы адамдарды оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу мен мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар) көзделген жағдайларда, Бағдарламаға қатысушыны жұмысқа орналасуға кепілдік беретін жұмыс беруші және/немесе оқытушы ұйым (бұдан әрі – тараптар) болады. 3. Жұмыс беруші мен оқытушы ұйым Келісімшарттың жасалуын Халықты жұмыспен қамту орталығына, келісімшартқа қосылатыны туралы, ____________жылғы_______ ___________ № _____________жауапты лауазымды тұлғаның қолымен және мөрмен куәландырылған, жазбаша өтініш (хабарлама) беру арқылы растайды, ол келісімшарттың ажырамас бөлігі болып табылады. 4. Келісімшарт Халықты жэұмыспен қамту орталығы директорының 20 __ жылғы «__» ___________ № ___ бұйрығының негізінде жасалды. 2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері 5. Халықты жұмыспен қамту орталығы міндетті: 1) Бағдарламаға қатысушыны оқытушы ұйымға _________________________________________________________________________________________________________________________________________ (Бағдарламаға қатысушы алатын мамандық (кәсіп) немесе біліктілігін арттыру көрсетілсін) алу үшін (біліктілігін арттыру үшін) _____________________ мерзімімен өтетін ________________________________________________________________________________________________________________ (оқу кезеңі) кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберуге; 2) оқуға, әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар тәжірибесіне жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге арналған материалдық көмекті Бағдарламаға қатысушыға Қағидаларда айқындалған тәртіп пен жағдайларда және шарттармен көрсетуге; 3) тараптар міндеттемелерінің орындалу мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті, ақпаратты тараптардың сұратуы бойынша, уақытылы және толық көлемінде ұсынуға; 4) оқытушы тарапқа Бағдарламаға қатысушыны кәсіптік оқыту жөніндегі қызметтердің ақысын уақытылы және толық төлеуге; 5) тараптарға кәсіптік оқыту және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша консультация беруге; 6) кәсіптік оқыту барысында Бағдарламаға қатысушы игерген дағдылар мен машықтарды кезеңаралық және қорытынды бағалауға қатысуға міндетті. 6. Халықты жұмыспен қамту орталығының құқықтары: 1) тараптар міндеттемелерінің орындалу мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты тараптардан сұратуға және алуға; 2) Келісімшарт, кәсіптік оқыту шартының уақытылы және тиісінше орындалуын тараптардан талап етуге; 3) Қағидалардың 38-тармағында көзделген жағдайларда, оқытушы ұйымның кәсіптік оқыту жөнінде нақты көрсеткен қызметтер көлеміне пропорционалды ақы төлеу бойынша қайта есептеу жүргізуге, сондай-ақ Бағдарламаға қатысушыдан осы қызметтер көлемінің құны мен кәсіптік оқытуға арналған материалдық көмектің төленген сомасын бюджетке өтеуін талап етуге; 4) Келісімшарт шеңберіндегі өзге де мәселелерді шешуге құқылы. 7. Бағдарламаға қатысушы міндетті: 1)кәсіптік оқытудан өтуге; 2) оқытушы ұйымның ішкі тәртібі талаптарын сақтауға; 3) дәлелді себепсіз сабақтан қалмауға; 4) тараптардың сұратуы бойынша, тараптар міндеттемелерінің орындалу мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды уақытылы және толық көлемінде ұсынуға; 5) Қағидалардың 38-тармағында көзделген жағдайларда, кәсіптік оқытуға кеткен шығыстарды, сондай-ақ оқытуға арналып төленген материалдық көмек сомаларын бюджетке өтеуге; 6) Бағдарламаға қатысушының кәсіптік оқытудан өтуіне кедергі иән-жайлардың туындағаны туралы үш жұмыс күнінен кешіктірмей тараптарды хабардар етуге; 7) Бағдарламаға қатысушыға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде өзіне жүктелетін міндеттемелерді адал атқаруға міндетті. 8. Бағдарламаға қатысушының құқықтары: 1) кәсіптік оқыту және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша консультациялар алуға; 2) оқытуға арналған материалдық көмекті,Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен алуға; 3) Келісімшарт, кәсіптік оқыту шартының уақытылы және тиісінше орындалуын тараптардан талап етуге құқылы. 3. Форс-мажорлық жағдайлар 9. Тараптар осы Келісімшартқа қол қойылғаннан кейін туындаған: өрт, жер сілкіну, су тасқыны мен басқа да апатты құбылыстар; соғыс іс-қимылдары мен т.б. сияқты төтенше және апатты (форс-мажор) жағдайларында міндеттемелерін толық немесе ішінара орындалмағаны үшін жауапкершіліктен босатылады, 10. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде, осы Келісімге сәйкес қандай да болмасын міндеттемесінің орындалуы осындай жағдайдың туындауына орай мүмкін болмай қалған тарап, форс-мажорлық жағдай туындаған немесе тоқтатылған сәттен бастап үш жұмыс күнінің ішінде, бұл туралы басқа Тараптарды жазбаша нысанда (осы келісімшарт бойынша өз міндеттемелерінің орындалмауы мүмкіндігін уәждемелеп және негіздеп) хабардар етуге міндетті. 11. Хабардар етпеу немесе уақытылы хабарламау Тараптарды, мұндайхабардар етпеу немесе уақытылы хабарламау тиісті форс-мажорлық жағдайдан тікелей туындаған жағдайларды қоспағанда, осы Келісімшарт бойынша міндеттемелдердің орындалмауы үшін жауапкершіліктен босатушы негіздеме ретінде, кез келген форс-мажорлық жағдайға сілтеме жасаудан шеттетеді. Форс-мажорлық жағдайдың басталуы немесе тоқтауы туралы хабарлама, форс-мажорлық жағдай жалпыға белгілі және көпшілік сипаты болған әрі дәлелдеуді өқажет етпейтін жағдайларды қоспағанда, құжатпен не мұндай жағдайдарды растайтын тиісті органның және/немесе мекеменің куәлігімен расталуы тиіс. 12. Осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалу мерзімі форс-мажорлық жағдай орын алған уақытқа, сондай-ақ осы жағдайлардан туындаған салдарлар уақыт кезеңіне қарай кейінге шегеріледі. Егер, форс-мажорлық жағдайлар туындауына байланысты,осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің толық немесе ішінара орындалмауы _____ (кезеңі көрсетілсін) асатын болса, Тараптар осы Келісімшартты бұзуға құқылы. 4. Басқа да жағдайлар 13. Келісімшартқа қосымша әлеуметтік келісімшартқа қол қоюарқылы өзгерістер мен толықтырулар енгізуге болады. 14. Осы Келісімшарт оған Халықты жұмыспен қамту орталығы, Бағдарламаға қатысушы қол қойған және жұмыс берушінің және/немесе оқытушы ұйымның Келісімшартқа қосылғаны туралы хабарламасын алған сәттен бастап күшіне енеді және 20__ жылдың «__»______ дейін қолданылады. 5. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері Жұмыспен қамту орталығы Бағдарламаға қатысушы ____________________________________ _____________________________ (Халықты жұмыспен қамту орталығының (Бағдарламаға қатысушының толық атауы) тегі, аты, әкесінің аты) ____________________________________ ______________________________ (мекенжайы) (мекенжайы) ____________________________________ ______________________________ (телефон, факс) (телефон, факс) ____________________________________ _______________________________ (уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты) (қолы) ____________________________________ (қолы) М.О. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі №178-ө бұйрығына 2-қосымша Іске асырылатын инфрақұрылымдық жобаларға жұмысқа орналастыру бойынша мемлекеттік қолдау көрсету туралы Әлеуметтік келісімшарт _____________________ «___»_____________20__ жыл (жасалған орны) _______________________________ атынан________________________________________ Халықты жұмыспен қамту орталығының атауы) (уәкілетті өкілдің лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты) __________________________________________________________ бұдан әрі «Халықты жұмыспен қамту орталығы» деп аталатын, бір тараптан және_______________________________________________________________________________________________________________________________________________, (Бағдарламаға қатысушының тегі, аты,әкесінің аты, жеке басын куәландыратын құжаттың сериясы, нөмірі, қашан және кім берген) бұдан әрі «Бағдарламаға қатысушы» деп аталатын, екінші тараптан, төмендегі туралы осы әлеуметтік келісімшартты (бұдан әрі – келісімшарт) жасады: 1. Келісімшарттың мәні 1. Халықты жұмыспен қамту орталығы Бағдарламаға қатысушыны іске асырылатын инфрақұрылымдық жобаларда мәлімделген бос орындарға жұмысқа орналастыруға міндеттенеді. 2. Келісім тараптары Халықты жұмыспен қамту орталығы, Бағдарламаға қатысушы, сондай-ақ жұмыс беруші болады (бұдан әрі - тараптар). 3. Жұмыс беруші Келісімшарттың жасалуын Халықты жұмыспен қамту орталығына, келісімшартқа қосылатыны туралы, ____________жылғы_______ ___________ № _____________ басшының не қол қою құқығы бар, жауапты лауазымды тұлғаның қолымен куәландырылған, жазбаша өтініш (хабарлама) беру арқылы растайды, ол келісімшарттың ажырамас бөлігі болып табылады. 4. Келісімшарт Халықты жұмыспен қамту орталығы директорының 20 __ жылғы «__» ___________ № ___ бұйрығының негізінде жасалды. 2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері 5. Халықты жұмыспен қамту орталығы міндетті: 1) Бағдарламаға қатысушыны инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру шеңберінде мәлімделген бос орындарға ____________________________________________________________________ (Бағдарламаға қатысушы жіберілген мамандық (кәсіп) көрсетілсін) мамандығы (кәсібі) бойынша ___________________ бастап ___________________қоса алған мерзімге жіберуге; 2) тараптардың сұратуы бойынша, тараптар міндеттемелерінің орындалу мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті, ақпаратты, құжаттар мен материалдарды уақытылы және толық көлемінде ұсынуға; 3) тараптарға жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша консультация беруге міндетті. 6. Халықты жұмыспен қамту орталығының құқықтары: 1) тараптар міндеттемелерінің орындалу мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды тараптардан сұратуға және алуға; 2) Келісімшарт, кәсіптік оқыту шартының уақытылы және тиісінше орындалуын тараптардан талап етуге; 3) Келісімшарт шеңберіндегі өзге де мәселелерді шешуге құқылы. 7. Бағдарламаға қатысушы міндетті: 1) инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру шеңберінде мәлімделген бос орындарға жұмысқа орналасуға жолдама алуға; 2) еңбек заңнамасы талаптарын сақтауға; 3) тараптардың сұратуы бойынша, тараптар міндеттемелерінің орындалу мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды уақытылы және толық көлемінде ұсынуға; 4) инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру қатысуға кедергі келтіретін мән-жайлардың туындағаны туралы үш жұмыс күнінен кешіктірмей тараптарды хабардар етуге; 5) Бағдарламаға қатысушыға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде өзіне жүктелетін міндеттемелерді адал атқаруға міндетті. 8. Бағдарламаға қатысушының құқықтары: 1) жұмысқа орналасу мәселелері бойынша консультациялар алуға; 2) еңбекақы мен белгіленген әлеуметтік, зейнетақы аударымдарын, Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен алуға; 3) тараптардан Келісімшартың уақытылы және тиісінше орындалуын талап етуге құқылы. 3. Форс-мажорлық жағдайлар 9. Тараптар осы Келісімшартқа қол қойылғаннан кейін туындаған: өрт, жер сілкіну, су тасқыны мен басқа да апатты құбылыстар; соғыс іс-қимылдары мен т.б. сияқты төтенше және апатты (форс-мажор) жағдайларында міндеттемелерін толық немесе ішінара орындалмағаны үшін жауапкершіліктен босатылады, 10. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде, осы Келісімге сәйкес қандай да болмасын міндеттемесінің орындалуы осындай жағдайдың туындауына орай мүмкін болмай қалған тарап, форс-мажорлық жағдай туындаған немесе тоқтатылған сәттен бастап үш жұмыс күнінің ішінде, бұл туралы басқа Тараптарды жазбаша нысанда (осы келісімшарт бойынша өз міндеттемелерінің орындалмауы мүмкіндігін уәждемелеп және негіздеп) хабардар етуге міндетті. 11. Хабардар етпеу немесе уақытылы хабарламау Тараптарды, мұндай хабардар етпеу немесе уақытылы хабарламау тиісті форс-мажорлық жағдайдан тікелей туындаған жағдайларды қоспағанда, осы Келісімшарт бойынша міндеттемелдердің орындалмауы үшін жауапкершіліктен босатушы негіздеме ретінде, кез келген форс-мажорлық жағдайға сілтеме жасаудан шеттетеді. Форс-мажорлық жағдайдың басталуы немесе тоқтауы туралы хабарлама, форс-мажорлық жағдай жалпыға белгілі және көпшілік сипаты болған әрі дәлелдеуді өқажет етпейтін жағдайларды қоспағанда, құжатпен не мұндай жағдайдарды растайтын тиісті органның және/немесе мекеменің куәлігімен расталуы тиіс. 12. Осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалу мерзімі форс-мажорлық жағдай орын алған уақытқа, сондай-ақ осы жағдайлардан туындаған салдарлар уақыт кезеңіне қарай кейінге шегеріледі. Егер, форс-мажорлық жағдайлар туындауына байланысты, осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің толық немесе ішінара орындалмауы _____ (кезеңі көрсетілсін) асатын болса, Тараптар осы Келісімшартты бұзуға құқылы. 4. Басқа да жағдайлар 13. Келісімшартқа қосымша әлеуметтік келісімшартқа қол қою арқылы өзгерістер мен толықтырулар енгізуге болады. 14. Осы Келісімшарт оған Халықты жұмыспен қамту орталығы, Бағдарламаға қатысушы қол қойған және жұмыс берушінің Келісімшартқа қосылғаны туралы хабарламасын алған сәттен бастап күшіне енеді және 20__ жылдың «__»______ дейін қолданылады. 5. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері Жұмыспен қамту орталығы Бағдарламаға қатысушы ____________________________________ _____________________________ (Халықты жұмыспен қамту орталығының (Бағдарламаға қатысушының толық атауы) тегі, аты, әкесінің аты) ____________________________________ ______________________________ (мекенжайы) (мекенжайы) ____________________________________ ______________________________ (телефон, факс) (телефон, факс) ____________________________________ _______________________________ (уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты) (қолы) ____________________________________ (қолы) М.О. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі №178-ө бұйрығына 3-қосымша Нысан Ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу бойынша мемлекеттік қолдау көрсету туралы Әлеуметтік келісімшарт _____________________ «___»_____________20__ жыл (жасалған орны) ______________________________ атынан___________________________________ (Халықты жұмыспен қамту орталығының атауы) (уәкілетті өкілдің лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты) __________________________________________________________бұдан әрі «Халықты жұмыспен қамту орталығы» деп аталатын, бір тараптан және___________________________________________________________________________________________________________________________________________, (Бағдарламаға қатысушының тегі, аты,әкесінің аты, жеке басын куәландыратын құжаттың сериясы, нөмірі, қашан және кім берген) бұдан әрі «Бағдарламаға қатысушы» деп аталатын, екінші тараптан,төмендегі туралы осы әлеуметтік келісімшартты (бұдан әрі – келісімшарт) жасады: 1. Келісімшарттың мәні 1. Халықты жұмыспен қамту орталығы мен Бағдарламаға қатысушының арасында Бағдарламаға қатысушыны өнімді жұмыспен қамтуға және оның табыс деңгейін арттыруға жәрдемдесу мақсатында мемлекеттік қолдау көрсету туралы Келісімшарт жасалды. 2. Халықты жұмыспен қамту орталығы мынадай мемлекеттік қолдауды көрсетеді ___________________________________________________________________; ___________________________________________________________________; ____________________________________________________________________; (мемлекеттік қолдау шараларының нақты тізбесі, олардың көлемі мен беру мерзімдері) 3. Келісімшарт _________________________________________________ (тұлғаны Бағдараламаға қатысушылар құрамына қабылдау туралы шешім қабылдаған органның атауы) 20___ж. «____»_____________ № ____ шешімінің негізінде жасалды. 2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері 4. Жұмыспен қамту орталығы: 1) бағдарламаға қатысушыға шағын несие алудың, материалдық көмек ала отырып кәсіпкерлік негіздерін оқудың, қосымша сервистік қызметтер алудың ықтимал нұсқалары туралы консультациялар беруге; 2) бағдарламаға қатысушыға: ____________________________________________________________________ ___________________________________кәсіпкерлік негіздерін оқытудан өтуді; (ұйымның атауы, мекенжайы, оқу мерізімі) ___________________________________________________________________________________________________________________ шағын несие алу үшін (шағын несие алудың мақсаты не бизнес-ұсыныстың атауы) _____________________________________________________________________________________________________________________________________ (шағын қаржы (шағын несие) ұйымының не қаржы агенттігі мәртебесі бар өңірлік уәкілетті ұйымның атауы, мекенжайы, басшысының Т.А.Ә.) шағын қаржы (шағын несие) ұйымына не қаржы агенттігі мәртебесі бар өңірлік уәкілетті ұйымға өтініш беруді ұсынады. 5. Халықты жұмыспен қамту орталығы Бағдарлама шеңберінде берілген шағын несиенің мақсатты пайдаланылуын растайтын (жабдық, ірі қара мал, ұсақ қара мал сатып алғаны туралы, құрылыс салғаны туралы, жөндеу, қосымша жұмыс орнын құрғаны туралы және т.б. ақпарат) сонымен қатар салық заңнамасына сәйкес салық органдарында тіркелу туралы ақпаратты, деректерді сұратуға құқылы. 6. Бағдарламаға қатысушы міндеттенеді: 1) келісімшарт қолданылатын кезеңдегі отбасының құрамы туралы, өзінің табысы мен отбасы мүшелерінің табысы туралы шынайы ақпаратты, Бағдарлама шеңберінде берілген шағын несиенің мақсатты пайдаланылғанын растайтын деректерді, сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау туралы оң шешім болған жағдайда, қолданыстағы жұмыс орнына шаққанда кемінде 10 % жаңа тұрақты жұмыс орнын ашуға; 2) кәсіпкерлікті дамыту үшін микрокредит алған жағдайда салық заңнамасына сәйкес салық органдарында тіркеуден өтуге; 3) мынадай міндеттемелерді орындауға: - _______________________________ дейінгі мерзімде; - _______________________________ дейінгі мерзімде; - _______________________________ дейінгі мерзімде. 4) өзіне қабылдаған міндеттемелерінің орындалуы мен Бағдарлама шеңберінде берілген шағын несиенің мақсатты жұмсалғаны туралы есепті ай сайын, есептідени кейінгі айдың 10 күніне кешіктірмей, Халықты жұмыспен қамту орталығына ұсынуға; 5) осы келісімшарттың талаптарын орындауға кедергілер пайда болған жағдайда, көрсетілген мән-жайлар туындаған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде Халықты жұмыспен қамту орталығын хабардар етуге міндеттенеді. 7. Бағдарламаға қатысушының құқықтары: 1) кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, шағын несие беру, инженерлік-коммуникакациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жөніндегі ұсынылған іс-шараларды талқылауға; 2) кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру мен қаржыландыру қағидаларында және Келісімшарттың ___,____, _____ тармақтарында көзделген қаражатты; 3) микрокредиттерді мерзімінен бұрын өтеген жағдайда жеке ісін кеңейтуге микрокредит алу үшін қайтадан өтініш білдіруге және бес миллион теңгеге дейін микрокредит алуға құқылы. 3. Басқа да жағдайлар 12. Осы Келісімшарттың _______________ тармағымен (тармақтарымен) көзделген мемлекеттік қолдау шаралары Бағдарламаға қатысушыға__________________________________________________________ (шешім қабылдаған органның атауы) 20___ жылғы«___»________ шешіміне сәйкес беріледі. Мемлекеттік қолдау көрсету Келісімшарттың шарттары сақталған кезде жүзеге асырылады және _________________ дейін жүргізіледі. 13. Кеілісімшарттың шарттары орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда Жұмыспен қамту орталығы: 1) Келісімшарттың ____ ___ __ тармақтарында көзделген мемлекеттік қолдауды, сондай-ақ, Қатысушыға атаулы әлеуметтік көмек төлемін (ол қолданыстағы заңнамаға сәйкес тағайындалған жағдайда), Келісімшарт шарттарының, бөлінген ақша қаражатының нысаналы жұмсалуының орындалмау немесе тиісінше орындалмау себептерін растайтын құжаттары ұсынылғанға дейін, тоқтата тұруға; 2) Комиссия шешімінің негізінде, Келісімшарт бұзылатын күнге дейін 10 күн бұрын Қатысушыны бұл жөнінде жазбаша хабардар ете отырып, біржақты тәртіппен бұзуға; 3) Бағдарлама шеңберіндегі атаушы әлеуметтік көмек пен мемлекеттік қолдау көрсетуден бас тартуға құқылы. 4. Келісімшарттың қолданылу мерзімі 14. Келісімшарттың қолданылу мерзімі 20_____ жылдың «____» ___________ 20___ жылдың «____»_________ дейін айқындалады. 5. Келісімшарттың шарттарын орындамағаны үшін Тараптардың жауапкершілігі 15. Келісімшарттың шарттарын орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және Дамуды мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына сәйкес жауапкершілікте болады. 6. Форс-мажорлық жағдайлар 16. Тараптар осы Келісімшартқа қол қойылғаннан кейін туындаған: өрт, жер сілкіну, су тасқыны мен басқа да апатты құбылыстар; соғыс іс-қимылдары мен т.б. сияқты төтенше және апатты (форс-мажор) жағдайларында міндеттемелерін толық немесе ішінара орындалмағаны үшін жауапкершіліктен босатылады, 17. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде, осы Келісімге сәйкес қандай да болмасын міндеттемесінің орындалуы осындай жағдайдың туындауына орай мүмкін болмай қалған тарап, форс-мажорлық жағдай туындаған немесе тоқтатылған сәттен бастап үш жұмыс күнінің ішінде, бұл туралы басқа Тараптарды жазбаша нысанда (осы келісімшарт бойынша өз міндеттемелерінің орындалмауы мүмкіндігін уәждемелеп және негіздеп) хабардар етуге міндетті. 18. Хабардар етпеу немесе уақытылы хабарламау Тараптарды, мұндайхабардар етпеу немесе уақытылы хабарламау тиісті форс-мажорлық жағдайдан тікелей туындаған жағдайларды қоспағанда, осы Келісімшарт бойынша міндеттемелдердің орындалмауы үшін жауапкершіліктен босатушы негіздеме ретінде, кез келген форс-мажорлық жағдайға сілтеме жасаудан шеттетеді. Форс-мажорлық жағдайдың басталуы немесе тоқтауы туралы хабарлама, форс-мажорлық жағдай жалпыға белгілі және көпшілік сипаты болған әрі дәлелдеуді қажет етпейтін жағдайларды қоспағанда, құжатпен не мұндай жағдайдарды растайтын тиісті органның және/немесе мекеменің куәлігімен расталуы тиіс. 19. Осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалу мерзімі форс-мажорлық жағдай орын алған уақытқа, сондай-ақ осы жағдайлардан туындаған салдарлар уақыт кезеңіне қарай кейінге шегеріледі. Егер, форс-мажорлық жағдайлар туындауына байланысты,осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің толық немесе ішінара орындалмауы _____ (кезеңі көрсетілсін) асатын болса, Тараптар осы Келісімшартты бұзуға құқылы. 7. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері Жұмыспен қамту орталығы Бағдарламаға қатысушы ____________________________________ _____________________________ (Халықты жұмыспен қамту орталығының (Бағдарламаға қатысушының толық атауы) тегі, аты, әкесінің аты) ____________________________________ ______________________________ (мекенжайы) (мекенжайы) ____________________________________ ______________________________ (телефон, факс) (телефон, факс) ____________________________________ _______________________________ (уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты) (қолы) ____________________________________ (қолы) М.О. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі №178-ө бұйрығына 4-қосымша Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру бойынша мемлекеттік қолдау көрсету туралы Әлеуметтік келісімшарт _____________________ «___»_____________20__ жыл (жасалған орны) _______________________________ атынан___________________________________ Халықты жұмыспен қамту орталығының атауы) (уәкілетті өкілдің лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты) __________________________________________________________бұдан әрі «Халықты жұмыспен қамту орталығы» деп аталатын, бір тараптан және_______________________________________________________________________________________________________________________________________________, (Бағдарламаға қатысушының тегі, аты,әкесінің аты, жеке басын куәландыратын құжаттың сериясы, нөмірі, қашан және кім берген) бұдан әрі «Бағдарламаға қатысушы» деп аталатын, екінші тараптан,төмендегі туралы осы әлеуметтік келісімшартты (бұдан әрі – келісімшарт) жасады: 1. Келісімшарттың мәні 1. Келісімшарт әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекеннен әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары елді мекенге көшіру, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларын көрсету мақсатында жасалды. 2. Келісім тараптары Халықты жұмыспен қамту орталығы, Бағдарламаға қатысушы, ал Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 817 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушы адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу мен оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар) көзделген жағдайларда, жұмыс беруші (бұдан әрі - Тараптар) болады. 3. Жұмыс беруші Келісімшарттың жасалуын келісімшартқа қосылатыны туралы, ____________жылғы_______ ___________ № _____________жауапты лауазымды тұлғаның қолымен және мөрмен куәландырылған, жазбаша өтініш (хабарлама) беру арқылы растайды. 2. Тараптардың міндеттері 4. Халықты жұмыспен қамту орталығы міндеттенеді: 1) Бағдарламаға қатысушыны жаңа тұрғылықты жері бойынша тіркеуге жәрдем көрсетуге; 2) Бағдарламаға қатысушыдан қоныс аударуға субсидия тағайындау және қызметтік тұрғын үй (еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлмелер) бөлу үшін өтініші мен құжаттар жиынтығын қабылдауға; 3) тұрғын үй комиссиясының Бағдарламаға қатысушыға қызметтік тұрғын үй (еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлмелер) беру туралы шешімін қабылдауға; 4) Бағдарламаға қатысушымен қызметтік тұрғын үйді (еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлмелерді) жалға алу шартын жасауға; 5) қоныс аударуға субсидия тағайындау туралы шешім қабылдауға және субсидияны Бағдарламаға қатысушының жеке шотына аударуды жүзеге асыруға; 6) Бағдарламаға қатысушының қызметтік тұрғын үйге (еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлмелерге) қоныстануын қамтамасыз етуге; 7) Бағдарламаға қатысушының тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасуына жәрдемдесуге және оны бақылауды жүзеге асыруға; 8) Бағдарламаға қатысушы мен жұмыс берушінің келісімшартты орынду мониторингін жүзеге асыруға міндеттенеді. 5. Бағдарламаға қатысушы міндеттенеді: 1) қоныс аударуға жолдама мен әлеуметтік келісімшартты алғаннан кейін белгіленген мерзімде нысаналы елді мекенге келуге; 2) қоныс аударуға субсидия тағайындау және қызметтік тұрғын үй (еңбекші арналған жастарға жатақханалардан бөлмелер) бөлу үшін өтініші мен құжаттар жиынтығын Халықты жұмыспен қамту орталығына ұсынуға; 3) Халықты жұмыспен қамту орталығымен қызметтік тұрғын үйді (еңбекші арналған жастарға жатақханалардан бөлмелерді) жалға алу шартын жасауға және белгіленген мерзімде сонда қоныстануға; 4) жұмыс беруші ұсынған тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасуға не кейін жұмысқа орналаласу үшін кәсіптік оқытудан өтуге; 5) коммуналдық және жалдау ақысын уақытылы төлеуге; 6) Жұмыспен қамту орталығының сұратуы бойынша өзінің, сондай-ақ жұмыс беруші міндеттемелерінің орындалу мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті, ақпаратты, құжаттар мен материалдарды уақытылы және толық көлемінде ұсынуға міндеттенеді. 3. Тараптардың құқықтары 6. Халықты жұмыспен қамту орталығының құқықтары: 1) Бағдарламаға қатысушының қоныс аудару тәртібі мен мерзіміне қатысты ақпаратты кету орнындағы Халықты жұмыспен қамту орталығынан сұратуға; 2) Бағдарламаға қатысушы мен жұмыс берушіден келісімшарт тараптарының уақытылы және тиісінше орындалуын талап етуге; 3) келісімшарт шеңберінлдегі өзге де мәселелерді шешуге құқылы; 4) келісімшарт тараптары орындалмаған және (немесе) тиісінше орындалмаған жағдайда, қызметтік тұрғын үйді (еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлмені) жалға алу шарты бұзылады. 7. Бағдарламаға қатысушының құқықтары: 1) қоныс аударудың тәртібі мен мерзімі, қабылдау жағдайлары туралы, оның ішінде, қызметтік тұрғын үймен (еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлмелермен) қамтамасыз ету және тұрақты жұмыс орнына орналасу мәселелері жөніндегі ақпаратты ақпаратты кету орнындағы Халықты жұмыспен қамту орталығынан алуға; 2) келісімшартта көзделген мемлекеттік қолдау шараларын алуға; 3) Жұмыспен қамту орталығы мен жұмыс берушіден келісімшарт тараптарының уақытылы және тиісінше орындалуын талап етуге құқылы. 4. Басқа да жағдайлар 8. Келісімшартқа қосымша әлеуметтік келісімшартқа қол қою арқылы өзгерістер мен толықтырулар енгізуге болады. 9. Осы Келісімшарт оған Халықты жұмыспен қамту орталығы, Бағдарламаға қатысушы қол қойған және жұмыс берушінің Келісімшартқа қосылғаны туралы хабарламасын алған сәттен бастап күшіне енеді. 10. Қолданылу мерзімі 20__ жылдың «__»______ дейін. 5. Келісімшарттың шарттарын орындамағаны үшін Тараптардың жауапкершілігі 11. Келісімшартың шарттарын орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікте болады. 6. Форс-мажорлық жағдайлар 12. Тараптар осы Келісімшартқа қол қойылғаннан кейін туындаған: өрт, жер сілкіну, су тасқыны мен басқа да апатты құбылыстар; соғыс іс-қимылдары мен т.б. сияқты төтенше және апатты (форс-мажор) жағдайларында міндеттемелерін толық немесе ішінара орындалмағаны үшін жауапкершіліктен босатылады, 13. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде, осы Келісімге сәйкес қандай да болмасын міндеттемесінің орындалуы осындай жағдайдың туындауына орай мүмкін болмай қалған Тарап, форс-мажорлық жағдай туындаған немесе тоқтатылған сәттен бастап үш (үш) жұмыс күнінің ішінде, бұл туралы басқа Тараптарды жазбаша нысанда (осы келісімшарт бойынша өз міндеттемелерінің орындалмауы мүмкіндігін уәждемелеп және негіздеп) хабардар етуге міндетті. 14. Хабардар етпеу немесе уақытылы хабарламау Тараптарды, мұндай хабардар етпеу немесе уақытылы хабарламау тиісті форс-мажорлық жағдайдан тікелей туындаған жағдайларды қоспағанда, осы Келісімшарт бойынша міндеттемелдердің орындалмауы үшін жауапкершіліктен босатушы негіздеме ретінде, кез келген форс-мажорлық жағдайға сілтеме жасаудан шеттетеді. Форс-мажорлық жағдайдың басталуы немесе тоқтауы туралы хабарлама, форс-мажорлық жағдай жалпыға белгілі және көпшілік сипаты болған әрі дәлелдеуді өқажет етпейтін жағдайларды қоспағанда, құжатпен не мұндай жағдайдарды растайтын тиісті органның және/немесе мекеменің куәлігімен расталуы тиіс. 15. Осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалу мерзімі форс-мажорлық жағдай орын алған уақытқа, сондай-ақ осы жағдайлардан туындаған салдарлар уақыт кезеңіне қарай кейінге шегеріледі. Егер, форс-мажорлық жағдайлар туындауына байланысты, осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің толық немесе ішінара орындалмауы _____ (кезеңі көрсетілсін) асатын болса, Тараптар осы Келісімшартты бұзуға құқылы. 7. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері Жұмыспен қамту орталығы Бағдарламаға қатысушы ____________________________________ _____________________________ (Халықты жұмыспен қамту орталығының (Бағдарламаға қатысушының толық атауы) тегі, аты, әкесінің аты) ____________________________________ ______________________________ (мекенжайы) (мекенжайы) ____________________________________ ______________________________ (телефон, факс) (телефон, факс) ____________________________________ _______________________________ (уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты) (қолы) ____________________________________ (қолы) М.О. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 13 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №9407 болып енгізілді.