Салтанатты іс-шараға ТЖД қызметкерлері мен ардагерлер, аллея маңайындағы тұрғындар қатысты. Департамент басшысы Дәмір Ермағанбетов көпшілікке құттықтау сөз арнап, бұл жердің жай демалыс орны ғана емес, сонымен қатар қоғам қауіпсіздігі жолында қызмет еткен құтқарушылардың ерлігіне қойылған ескерткіш екенін атап өтті.
«Құтқарушылар аллеясы» – құтқарушылардың сын сағаттарда көрсеткен ерлігі мен жанкешті еңбегінің рәміздік нышаны. Олардың еңбегі қоғамда аса маңызды. Құтқарушылар күнделікті қызмет барысында күтпеген жерден тұтанған өртпен арпалысып, адам өміріне араша түседі, табиғи апаттардың зардаптарын жоюмен, эвакуациялаумен айналысады, алғашқы көмек көрсетеді», деді ТЖД басшысы.
Аллея аумағында құтқарушыларға арналған ескерткіш арка, өрт сөндіру көлігінің шағын макеті қойылған.
Қостанай облысы