16 Маусым, 2015

Қырғызстанның Ыстықкөл аумағында қар жауды

495 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
16.06.2015-Kar jaudyАСТАНА. 16 маусым. Қырғыз елінің туристік саласының дамуына сүбелі үлес қосып отырған Ыстықкөл аумағында қар жауды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады. Ыстықкөл облысының Ақсуй ауданында қар жауып, 160-тан астам бас мал қырылып қалды. Нақтыласақ, 150 қой, 2 сиыр және 15 қодас жаз айында жауған қардың ызғарына шыдас бермей қырылған. Айта кетейік, елдегі төтенше жағдайлар министрлігінің таратқан мәліметінше, ақ ұлпаның биіктігі 50-60 сантиметрге дейін жеткен. Сондай-ақ, Сары жаз жайылымына апаратын жолда өзендегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты көпір бұзылған. Оқиға орнында азаматтық қорғаныс комиссиясы жұмыс жасауда. Талғат Райымбек. Дерек, сурет: «ҚазАқпарат».