Әйел әлемі • 22 Қазан, 2024

Албанияның бұрынғы Президенті қамауға алынды

128 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тиранда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы прокуратураның (SPAK) бұйрығымен Албанияның бұрынғы президенті және Бостандық партиясының негізін қалаушы Илир Мета ұсталды. Ол ақшаны жылыстату, сыбайлас жемқорлық және кірісті жасырды деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Egemen.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

Албанияның бұрынғы Президенті қамауға алынды

Фото: Ашық дереккөз

Тұтқындау кезінде Илир Мета қарсылық көрсетпек болған. Ұстау фактісін оның адвокаты растаған.Ол бұған дейін байлығын жасырды және ақшаны жылыстатты деген күдікпен тергеуде болған. 

Айта кетейік, 55 жастағы Илир Мета Албанияның солшыл Бостандық партиясының жетекшісі және 2017-2022 жылдар аралығында ел президенті болды. Ол «клептократиялық режим орнатты» деп айыптайтын премьер-министр Эди Раманың ашық қарсыласы.

Еске сала кетейік, Албанияның Демократиялық партиясының басшысы Сали Бериша да өткен жылдың желтоқсан айынан бері сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен үйқамақта отыр. Оппозиция Раманы қарсыластарын саяси астарлы қудалады деп айыптайды. Ал, Премьер-министр мұны жоққа шығарған.