Фото: instagram.com/up_aktau_polisia
Жасөспірім 16 қазан күні таңертең колледжге кетіп, қайта үйге оралмаған.
Қалалық полицияның хабарлауынша, 15 жастағы тұрғын Жаңаөзен қаласынан табылған.
«Ақтау қаласы Полиция басқармасы криминалдық полиция қызметкерлері жасөспірімді ата-анасының арызы негізінде іздеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде жоғалған қыз 22 қазан күні Жаңаөзен қаласынан табылды», делінген полиция хабарламасында.
Табылған қыз ата-анасына табысталған.