Форум • 23 Қазан, 2024

Сауда ынтымақтастығына мүмкіндік мол

64 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Алматыда өткен «Қазақстан-Ауғанстан» бизнес-форумының ашылуына қатысты.

Сауда ынтымақтастығына мүмкіндік мол

Сурет: primeminister.kz

Қазақстан мен Ауғанстан арасында сауда саласындағы ынтымақтастықты дамытуға зор әлеует бар. Атап айтқанда, Ауғанстанға астық пен ұн экспортын кеңейту және ауған жеміс-жидектерін, көкөністерді, кептірілген жемістер мен басқа да тамақ өнімдерін импорттау. Сонымен қатар еліміз Ауғанстанның экономикалық дамуына және осы елдің халықаралық көлік дәліздеріне қосылуына мүдделі. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысына сәйкес Ауғанстаннан еліміз арқылы транзиттік автотасымалдау көлемі 8%-ға артып, 5 мың тоннадан асты. Былтыр тран­зитпен 10 мың тоннадан аса адам өтті.

«Біздің елдеріміздің арасында Түрік­менстан мен Өзбекстан арқылы өтетін темір­жол дәлізі бар. Біз Трансауған дәлізі арқылы экспорттық жүктерімізді тран­зит­теуге мүдделіміз. Пәкістанның (Карачи, Гвадар) теңіз порттары арқылы біз үшін Таяу Шығыс, Оңтүстік-Шығыс Азия, Үнді мұхиты елдерінің нарықтары ашылуда», деп атап өтті С. Жұманғарин.

Ауған тарапына Қазақстан аумағы арқылы Қытайға ауған тауарларының кедергісіз транзиті мақсатында «Khorgos Gateway» құрғақ портын логистикалық хаб пен контейнерлер мен автокөлік құрал­дарын салу үшін пайдалану ұсынылды.

Сонымен қатар С.Жұманғарин мен Ауғанстанның сауда және өнеркәсіп министрі Нұриддин Азизи өзара та­уар айналымын 3 млрд долларға дейін жеткізу жөніндегі Жол картасына қол қойды. Құжат сауда-өнеркәсіп, банк, тау-кен металлургиясы, гуманитарлық және әлеуметтік салалардағы, энергетика секторындағы, көлік және логистикадағы, цифрландырудағы, туризмдегі және басқа да салалардағы ынтымақтастық бағыттарын айқындайды.