АСТАНА. 16 маусым. «Арабия түбегіндегі әл-Каида» лаңкестік ұйымының көшбасшысы Насер әл-Вахиши өлтірілді. Бұл туралы Йемен қауіпсіздік қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасаған CNN телеарнасы хабарлады.
«Арабия түбегіндегі әл-Каида» ұйымы Йеменде орналасқан. Телеарна таратқан мәліметтерге сүйенсек, лаңкестік ұйым басшысы АҚШ-тың ұшқышсыз басқарылатын қаруымен 12 маусым күні өлтірілген.
Америка барлаушыларының деректеріне қарағанда, қазіргі таңда АҚШ билігі әл-Вахишидің өліміне қатысты ақпараттың рас-өтірігін тексеруде. Ал Йеменде президент Абд Раббу Мансур Хади әскері мен «Ансар Алла» шииттік қозғалысынан шыққан көтеріліс жасақтарының арасындағы қарулы қақтығыс әлі де жалғасуда. Бүлікшіл жауынгерлердің біраз бөлігі бұрынғы президент Али Абдалла Салехтің жақтастары. «Арабия түбегіндегі әл-Каида» қолдаушылары әскери қақтығыстарға белсенді қатысып, елдің оңтүстігінде соғыс жүргізіп келеді.
Айбек Молдабаев.
Дерек: CNN.
Сурет: РИА «Новости».
• 16 Маусым, 2015
«Арабия түбегіндегі әл-Каида» лаңкестік ұйымының басшысы өлтірілді

Тұлға • Кеше
Ауа райы • Кеше
Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Кеше
Иран әуе кеңістігін ішінара ашты
Әлем • Кеше
Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Кеше
Жерде магниттік дауыл басталды
Оқиға • Кеше