Фото: Қорғаныс министрлігі
Салтанатты рәсім ҚР Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында өтті. Рахымжан Қошқарбаевтың жүз жылдық мерейтойына арналған іс-шара елорда әкімдігінің, Астана қаласының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының және «Жас сарбаз» РҚБ елордалық филиалының қолдауымен өтті.
Оқушыларды «Қарулы күштер ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары генерал-майор Марат Нағұманов құттықтап, оларға қозғалыс мүшесінің куәлігін табыс етті.
«Құрметті балалар, сендер мүмкіндігі мол тамаша уақытта өмір сүріп жатсыңдар. Барлық әлеуетті, күш-қуатты және білімді өмірдің басты мақсатын жүзеге асыруға бағыттаңдар. Естеріңде болсын, Қазақстан сендердің әрқайсыңның жетістіктеріңе мүдделі, өйткені сендер елдің болашағысыңдар», деп атап өтті М.Нағұманов.
Балалар жас патриоттың ант сөздерін ерекше ықыласпен және мақтанышпен айтты. Осындай қуанышты сәтпен оқушыларды «Жас сарбаз» республикалық балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының төрағасы майор Мейірбек Меңдіғалиев та құттықтады.