Есірткі • 24 Қазан, 2024

Ақтауда полицейдің ұлы есірткі таратумен айналысқан

103 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасарының ұлы 10 жылға сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтауда полицейдің ұлы есірткі таратумен айналысқан

Ақтауда сот 26 жастағы Нұржан Арыновқа үкім шығарды, ол есірткі таратты деп айыпталған.

Тергеу барысында Арыновтың синтетикалық есірткі заттарын жерге көміп таратқаны анықталды. Белгілі болғандай, ұсталған азамат - Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасарының ұлы.

Ұстау кезінде Арыновтан 33 пакет психотроптық заттар, екі пакет мефедрон, жеті пакет басқа синтетикалық есірткі, сондай-ақ электронды таразы, металл қасық, жабыстырма және фольга табылған.

Бұл Арыновқа қатысты алғашқы сот үкімі емес. 2024 жылдың мамыр айында ол осы қылмысы үшін ақталған. Алайда, бұл оқиға қоғамда үлкен дау туғызғаннан кейін, полиция қызметкерінің ұлына қатысты ақтау үкімі жойылды.

Қазан айында қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот қайталама үкім шығарып, Нұржан Арыновқа 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, Арыновтан 103 500 теңге сомасында жәбірленушілерге өтемақы қорына ақша өндірілді.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.