Сурет: ru.freepik.com
Аталған байқау кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, үздік авторларды анықтап, қазақ әдебиетінің, руханиятының дамуына ықпал етіп, аудармашыларды, баспагерлер мен кітап дизайнерлерін қолдау және ынталандыру мақсатын көздейді.
Жүлдеден үмітті жұмыстар 2025 жылғы 15 қаңтар – 1 сәуір аралығында қабылданады. Конкурсқа кейінгі екі жылда жарық көрген туындылар ғана қатыса алады. Қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін түскен жұмыстар тіркелмейді.
Байқауда 10 аталым бар: «Балаларға арналған үздік кітап», «Үздік комикс», «Нон фикшн бағытындағы үздік кітап», «Детектив жанрындағы үздік кітап», «Сатира жанрындағы үздік кітап», «Үздік иллюстрациялық кітап», «Үздік аударма кітабы», «Фантастика жанрындағы үздік кітап», «Үздік баспа», «Жыл кітабы» (Гран-при сыйлығы).
Додаға қатысатын жұмыс көркемдік деңгейі, тіл тазалығы, сөздік қоры, өзіндік стиль, тақырып өзектілігі, мазмұн тереңдігі, тарихи әділдігі, өндірістік сапаның жоғары болуы, дизайнерлік жұмыстың ерекшелігі сияқты талаптарға сай келуі керек.
Айта кетсек, елімізде Үкімет Қаулысымен 23 сәуір «Ұлттық кітап күні» мерекесі болып бекітілді. Бұл мерекелік дата Мемлекет басшысының қоғамда жоғары кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында үшінші Ұлттық құрылтайдың негізгі отырысында берген тапсырмасымен енгізілді.