Қоғам • 24 Қазан, 2024

Бірқатар қоғам қайраткері мемлекеттік награда алды

108 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқаны және белсенді қоғамдық қызметі үшін Мемлекет басшысы­ның Жарлығымен бірқатар қоғам қайраткері мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Бірқатар қоғам қайраткері мемлекеттік награда алды

Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ұлттық құрылтайдың, Қазақстан Республикасы Прези­дентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің бірқатар мүшесіне, аймақтан келген қоғам белсенділеріне мемлекеттік награда тапсырды.

Атап айтқанда, «Парасат» ор­денімен Ұлттық құрылтайдың мү­шесі, Түркістан облыстық қоғам­дық кеңесінің төрағасы Байділдә Жылқышиев марапатталды.

Ал Ұлттық құрылтайдың, Батыс Қа­зақ­стан облыстық қоғам­дық кеңесінің мүшесі Бауыржан Ғұбай­дуллин, М.Өтемісов атын­да­ғы Батыс Қазақстан универ­сите­тінің доценті Жаңабек Жақсығалиев, Қостанай автомобиль көлігі колледжі­нің директоры Дмитрий Пав­ленко «Құрмет» орденінің иегері атанды.

Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы Азаматтық альянсының төрағасы, облыстық коғамдық ке­ңестің мүшесі Аяужан Әшімова мен Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы Қасым Қайсенов атын­дағы орта мектептің директоры Әсем Чамкаеваға «Ерен еңбегі үшін» медалі тапсырылды.

Президент жанындағы Жастар сая­саты жөніндегі кеңестің мү­шелері – дінтанушы, діни экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі сарапшы Елнар Берікбаев, «Қоғамдық келісім» институтының директоры Элина Масагутова, қоғам белсендісі Ғалымжан Мырзабаев, сондай-ақ Қазақстанның Азаматтық альян­сының атқарушы директоры Мұрат Омашев «Шапағат» медалімен марапатталды.

Е.Қарин Тәуелсіздік пен еге­мен­діктің, барша азаматтың бе­рекелі бірлігі мен ырысты ынты­ма­ғының жарқын рәмізі саналатын ұлттық мереке – Респуб­ли­ка күнімен марапат иелерін құт­тықтады.