Қоғам • 24 Қазан, 2024

Алматы тұрғыны 195 рет жол ережесін бұзып, 7 млн теңге айыппұл арқалады

124 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы полицейлері аз уақыт ішінде жол ережесін 195 рет бұзған жүргізушіні қолға түсірді, деп жазады Egemen.kz

Алматы тұрғыны 195 рет жол ережесін бұзып, 7 млн теңге айыппұл арқалады

Фото: polisia.kz

19 жастағы жүргізуші қаланың Медеу ауданындағы Достық даңғылы бойында ұсталған.

Оған салынған айыппұлдың жалпы сомасы - 7 млн теңгені құраған. 

«Кей жағдайда жүргізуші жалған нөмірді пайдаланып, көліктің жылдамдығын 200 шақырымға дейін үдеткен. Көлік көрші Қырғызстанда тіркелген. Сот қаулысымен көлік жүргізушісі әкімшілік қамауға алынып, көлігі мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды. Жүргізуші барлық айыппұлын толық төлеуге міндеттелді», деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Аманбек.