Елорда • 24 Қазан, 2024

Елордада LRT пойыздары жүргізушісіз басқарыла ма

142 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет басшысы Олжас Бектенов Астанада салынып жатқан LRT құрылысын салу қарқынымен танысты, деп жазады Egemen.kz

Елордада LRT пойыздары жүргізушісіз басқарыла ма

Фото: Үкімет

Құрылысты тексеру барысында LRT пойыздарын пилотсыз жүргізу жоспарланып отырғаны айтылды.

«City Transportation Systems» ЖШС басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаевтың айтуынша, барлық құрылыс жұмыстарын аяқтап, LRT-ны іске қосу 2025 жылдың соңына жоспарланған. Ал пилотсыз пойыздарды сынақтан өткізу үшін қосымша 6 ай қажет.

Жалпы жеңіл рельсті желінің жалпы ұзындығы 22,4 км құрайды. LRT құрамына 18 станса кіреді. 652 адам сыятын 19 жылжымалы құрамды іске қосу жоспарланып отыр. LRT стансалардын 4-5 минут аралығында қатынайды. Бастапқы кезеңде тәулігіне 25 мың жолаушыны тасымалдау межеленген.

Төлем жүйесі қалалық аналогы бойынша, көлік картасын валидациялау немесе QR-код арқылы төлеу арқылы қарастырылған.

вв