16 Маусым, 2015

Жапониядағы Асама жанартауы жандана бастады

652 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Mt. Asama EruptsАСТАНА. 16 маусым. Жапон метеорологтары Асама жанартауынан күл атқылағанын анықтады. Аталған жанартау Токио қаласынан 140 шақырым қашықтықта Гумма мен Нагано елді мекендерінің шекарасында орналасқан. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады. Метеоролог мамандардың мәліметтеріне қарағанда, күл жанартау кратерінен 4 шақырым жерден табылған. Қазіргі таңда бұл аймақта 5 балдық жүйе бойынша екінші қауіптілік деңгейі сақталып тұр. Қауіптің бұл деңгейі кратерге 2 шақырымнан ары жақындамауды қатаң ескертеді. Киодо ақпарат агенттігі таратқан деректерге сүйенсек, жанартаудан күлдің атқылауы әуе хабарын таратуға кедергі келтірмеген. Жапондық ірі әуе тасымалдаушы Japan Airlines (JAL) және All Nippon Airways (ANA) бағыттары еш өзгерізсіз жұмыс істеген. Бұл оқиғаға қатысты әзірге басқа ешқандай ақпарат таратылған жоқ. Асама Жапониядағы белсенді жанартаулардың бірі. 2009 жылдың ақпан айында атқылаған лаваның салдарынан Токионы тұтастай күл басып қалған болатын. Мамандар бұл жолы да сондай қауіптің бар екенін айтуда. Айнұр Қоңқабаева. Дерек: РИА «Новости». Сурет: etoday.ru.