Президент • 24 Қазан, 2024

БРИКС жаһандық тартылыс орталығына айналды - Президент

272 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласында өтіп жатқан БРИКС-тің пленарлық отырысының «БРИКС плюс»/«аутрич» форматында сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

БРИКС жаһандық тартылыс орталығына айналды - Президент

Фото: Видеодан алынған кадр

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сондай-ақ БРИКС-тің дамуға зор әлеуеті бар екенін және барлық қатысушылардың игілігі үшін ынтымақтастықты нығайтып, бірлескен мүмкіндіктерді тиімді пайдалана отырып, әртүрлі континенттердің мемлекеттерін біріктіретінін атап өтті.

«БРИКС даму тұрғысынан мол әлеуетке ие және түрлі құрлықтағы мемлекеттерді біріктіреді. Сондай-ақ ынтымақтастықты нығайтып, ортақ ресурстарды барлық қатысушының игілігіне тиімді пайдаланады. Өзара құрмет пен серіктестік, бірлесе өркендеу қағидаттарына негізделген келешектің іргесін қалауға БРИКС-тің тәжірибесі де, мүмкіндігі де жетеді», деді Мемлекет Басшысы. 

Еске сала кетейік, 22-24 қазан аралығында Қазанда БРИКС-ке мүше елдердің саммиті өтіп жатыр. Іс-шараға Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Моди, Оңтүстік Африка Республикасының Президенті Матамела Сирил Рамафоса, Эфиопия Премьер-Министрі Аби Ахмед, Мысыр Президенті Абдель Фаттах әл-Сиси, Қытай Төрағасы Си Цзиньпин, Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған сынды бірнеше мемлекеттің басшылары қатысып жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Бағзыдан жеткен балбал тас

Жәдігер • Бүгін, 09:00

Шашубайдың тамы

Әдебиет • Бүгін, 08:55

Халық мұғалімі

Зерде • Бүгін, 08:52

Парасат биігіндегі ғұмыр

Тұлға • Бүгін, 08:50

«Айқаптағы» Мағжан өлеңдері

Әдебиет • Бүгін, 08:48

Сөз сайысындағы сатира

Мирас • Бүгін, 08:45

Қылқаламдағы қала тынысы

Көрме • Бүгін, 08:43

Құқықтық сауатты арттыратын алаң

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:40

Үш айда 32 адам қаза тапты

Қоғам • Бүгін, 08:25