Президент • 24 Қазан, 2024

Президент: Қазақстан Қытайдың бастамасын қолдайды

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС-тің көпжақты күш-жігері БҰҰ қызметін үйлесімді түрде толықтыратынын атап өтті, деп жазады Egemen.kz.

Президент: Қазақстан Қытайдың бастамасын қолдайды

Фото: Ақорда

«БРИКС-тің көпжақты күш-жігері ажырамас және әмбебап құрылым болып қала беретін БҰҰ қызметін үйлесімді түрде толықтыратыны сөзсіз», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, БҰҰ Жарғысындағы дипломатия мен диалог қағидаттары БРИКС-тің негізгі күн тәртібіне айналды.

«Ол қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеуге және стратегиялық тұрақтылықты нығайтуға ықпал етіп отыр. Біз Еуразияның тең әрі біртұтас қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты Ресейдің тұжырымдамасын жоғары бағалаймыз. Оның түп негізінде өзара сенім мен ынтымақтастықты нығайту арқылы геосаяси қысымды төмендету ниеті жатыр. Қазақстан Қытайдың халықаралық тұрақтылықты сақтау, егемендікті қорғау, қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу және көпқырлы тәсілдерді қолдану арқылы жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бастамасын қолдайды. Сондай-ақ еліміз Қытай мен Бразилияның Украина жөніндегі бейбіт жоспарын құптайды», деді ел Президенті.

Соңғы жаңалықтар

Бағзыдан жеткен балбал тас

Жәдігер • Бүгін, 09:00

Шашубайдың тамы

Әдебиет • Бүгін, 08:55

Халық мұғалімі

Зерде • Бүгін, 08:52

Парасат биігіндегі ғұмыр

Тұлға • Бүгін, 08:50

«Айқаптағы» Мағжан өлеңдері

Әдебиет • Бүгін, 08:48

Сөз сайысындағы сатира

Мирас • Бүгін, 08:45

Қылқаламдағы қала тынысы

Көрме • Бүгін, 08:43

Құқықтық сауатты арттыратын алаң

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:40

Үш айда 32 адам қаза тапты

Қоғам • Бүгін, 08:25