АҚТАУ. 16 маусым. Маңғыстау облысындағы Кендірлі елді мекенінде «Ақбөбек» демалыс орталығы өз жұмысын бастады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Жаңаөзен қаласынан 70 шақырым қашықтықтағы Кендірлі аумағында демалыс орталығы «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамына қарайды. Әр ауысымда 200-ден астам бала қабылдап, жаз бойы алты ауысымда 1 300 баланың демалуын қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Мұнайшылардың балалары демалатын демалыс орталығының жұмысын жүргізуді «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы өз қолдарына алған. Аталған орталық «Ақбөбек» демалыс орнында осымен екінші жыл балалардың демалысын мазмұнды өткізуге атсалысып отыр. Өткен қыста орталық ғимаратының ішін жөндеуден өткізіп, маңайына ағаштар отырғызған, балалардың сахнасын жөндеген «Балдәурен» басшылығының алдында үлкен жоспарлар тұр.
Гүлайым Шынтемірқызы.
Дерек, сурет: egemen.kz.