ТЖМ
ТЖМ мәліметінше, жас туристер биіктігі 3050 метр болатын Фурманов шыңына көтерілген. Тауда адасқан жасөспірімдер ұялы телефон арқылы 112 нөміріне қоңырау шалып көмек сұраған.
«Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы Алматы қаласының құтқару қызметімен бірлесіп адасқан азаматтарды «Панорама» шыңындағы құтқару лашығынан тапты», делінген хабарламада.
Құтқарушылар жас туристерді қауіпсіз жерге түсіріп, ата-аналарына тапсырды.