Спорт • 28 Қазан, 2024

Ризабек Айтмұқан үш дүркін әлем чемпионы атанды

227 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Албания астанасы Тиранада еркін күрестен 23 жасқа  дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында Ризабек Айтмұқан алтын медаль иеленді, деп жазады Egemen.kz.

Ризабек Айтмұқан үш дүркін әлем чемпионы атанды

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Финалдық бәсекеде ел балуаны Иран спортшысына қарсы сынға түсті. 

97 келіде Ризабек Айтмұқан Махди Мұхарамәли Морафанды 11: 6 есебімен жеңді. 

Осылайша, Ризабек 3 түрлі жас санатында әлем чемпионатында алтын алған тұңғыш қазақ палуаны атанып отыр.

Айта кетейік, Ризабек Айтмұқан былтыр Белградта ересектер арасында (92 кг дейінгі салмақ), ал биыл Понтеведра қаласында 20 жасқа дейінгі палуандар арасында әлем чемпионы (97 кг дейінгі салмақ) атанған.

Отандасымыз кеше 3 белдесу өткізіп, бірінші айналымда Каллум Уильям Нокты (Канада), одан кейін Владислав Козловты (Бейтарап атлет) таза жықты. Ал жартылай финалда Шамиль Имам Гаджалиевтен басым түсті.