Фото: ТЖМ
Оқиға Сарыарқа ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлерінің біріндегі лифтте болған.
Тұрғындар жеделсаты қызметіне жауапты мекемеге жүгінген. Мамандарды күтіп тұрғанда іштегі әйелдің тынысы тарылып, өзін жайсыз сезіне бастаған соң 112 қызметіне қоңырау шалған.
Шақыру орнына келген құтқарушылар гидравликалық құралдардың көмегімен лифт есігін ашып, тұрғындарды шығарып алған.