АҚТАУ. 16 маусым. Ақтауда пара берді деген күдікпен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің директоры тұтқындалды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облыстық департаментінің қызметкерлері 2015 жылдың 8 маусымында «ALITOWN» және «СК «Факел» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің директоры 1987 жылы туған К.Төлегеновті ұстады. Қазіргі таңда оған қатысты пара беру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Аталған департаменттің баспасөз қызметі хабарлағандай, тұтқындалған азамат Ақтау қалалық ішкі істер басқармасының уақытша қамау изоляторына қамалды. «Тергеу амалдарының жүргізілуі себепті, бұдан басқа ақпарат жария етілмейді», – делінген хабарламада.
Гүлайым Шынтемірқызы.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: munara.kz.

Тұлға • Кеше
Ауа райы • Кеше
Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Кеше
Иран әуе кеңістігін ішінара ашты
Әлем • Кеше
Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Кеше
Жерде магниттік дауыл басталды
Оқиға • Кеше