Қазақстан • 29 Қазан, 2024

Қазақстан «SOCEA» қатарына қосылады

66 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазаэронавигация» өкілдері Еуропа мен Азияның аэронави­га­ция­­­­лық қызмет көрсетушілері (АНҚК) үшін аэронавигациялық қа­уіп­­­­сіз­дікті үйлестіру бойынша өңірлік платформаға (SOCEA) мүше­­­лікке кіру туралы келісімге қол қойды.

Қазақстан «SOCEA» қатарына қосылады

Бұл ресми рәсім Ыстанбұлда өтті. Оған ұйымның барлық мүшесі: Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түр­кия және Әзербайжан елде­рінің өкілдері қатысты. Айта кете­­йік, бұл ұйым халықаралық аэро­на­вигациялық ынтымақтастық плат­формасы ұшу қауіпсіздігін қам­та­масыз етудің өңірлік стратегия­сын әзірлеу, АНҚК арасындағы ын­ты­мақтастықты дамыту, ӘҚҰ қауіп­сіз­дігін бақылау жүйесін тиімді енгізуге жәр­демдесу, ұшу қауіпсіздігін бас­қа­руда тәуекелге бағдарланған тә­сіл­ді қолдану, сонымен қатар әуе кө­лі­гі­нің тұрақты дамуын қолдау үшін ха­лық­аралық стандарттарды енгізу мен ӘҚҰ саласын цифрландыру және әуе кеңістігін тиімді пайдалану мақсатында құрылған.

«SOCEA»-ға мүше болу арқылы әуе қозғалысы көлемін ұлғайтуға, өңірдегі әуе қозғалысы қауіпсіздігін басқару жүйесін тиімді енгізуге және өңірлік деңгейде ұшу қауіпсіздігін басқаруға тәуекелдерді бағалау тәсі­лін қолдануға болады. Сондай-ақ осы саланы цифр­ландыру үдерісін жа­ң­­ғыр­ту мен стандарттауға жәрдем­де­с­уге ықпал етеді.

«SOCEA мүшелігі өңірлік серік­тестермен ынтымақтастық және әуе қоз­­ға­лысын басқару саласында озық тә­жірибе алмасу үшін страте­гия­­­­лық мүмкіндік саналады. Біз өз тә­­жі­рибемізбен бөлісіп, барлық өңір­­дегі әуе кеңістігінің қауіпсіздігі сала­­сында жаңа жетістіктерге жету үшін бірлесіп жұмыс істейміз», дей­ді «Қазаэронавигация» РМК бас ди­рек­­т­о­­рының орынбасары Жеңіс Ауғалиев.

Аэронавигациялық қауіпсіздікті үйлестіру бойынша өңірлік платформа (SOCEA) былтыр 18 тамызда «Азербай­джанские авиалинии» ЗАО (AZAL) мен Түркия мемлекеттік әуежай­­ларының бас басқармасы (DHMI) ара­сын­дағы келісімнің нәти­же­сінде құрылды.