16 Маусым, 2015

Оралдағы «Юность» стадионы жасанды мұзбен жабдықталады

461 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
16-06-2015-aidyn Oral 01ОРАЛ. 15 маусым. Батыс Қазақстан облысының орталығы – Орал қаласындағы «Юность» стадионына құны 1,95 млн. долларды құрайтын жасанды мұз төселеді. Бұл туралы облыстық спорт бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Дәурен Мұқановтың сөзіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. «Қазір жоба дайындалу үстінде. Содан кейін мемлекеттік комиссия тексереді. Бұл жұмыс Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг компаниясының әлеуметтік бағдарламалары аясында жүзеге асады. Жоспар бойынша құрылыс жұмыстары 1 тамызда басталып, қазан айында аяқталуы тиіс. Егер жобаны мемлекеттік комиссия мақұлдаса барлығын уақытында аяқтауға мүмкіндік бар. Жасанды мұз +10 градусқа дейін ерімейді. Әзірге жұмысты жүргізетін мердігерлер белгісіз. Олар тиісті байқау өткізгеннен кейін анықталады», – деді Дәурен Мұқанов. Ал «Ақжайық» хоккей командасының директоры Азамат Шайхының айтуынша, бұл жаңалық жергілікті хоккейшілерге ерекше әсер еткен. «Біздер бұл жаңалықты зор қуанышпен қабылдадық. Жоба жұмыстары осы аптада аяқталуы тиіс. Мұздың көлемі 110х70 метр болады. Мұндай айдында халықаралық жарыстарды да өткізуге болады», – деді ол. Темір Құсайын. Дерек: egemen.kz. Сурет: mgorod.kz.