Фото: polisia.kz
Жол-көлік оқиғасы 28 қазан күні Еңбекшіқазақ ауданындағы Алматы – Көкпек – Көктал автожолының 51-шақырымында болған.
LADA Largus жүргізушісі рөлді басқара алмай, ағашқа соғылған. Апат салдарынан жолаушы ретінде келе жатқан 40 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмған. Ал жүргізуші мен екі жолаушы түрлі дене жарақаттарымен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген.