Өнер • 31 Қазан, 2024

Испанияда өнер көрсетті

46 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мем­ле­кеттік ака­де­миялық концерттік ұжымының «Астана сазы» қазақ мем­­ле­кеттік фольклорлық ансамблі Қазақстан мен Испа­ния арасындағы стра­те­г­иялық әріп­тестіктің 15 жыл­ды­ғы, еліміздің Рес­пуб­ли­ка­ күнін мерекелеу аясын­да Мад­рид қаласының үздік концерттік залында өнер көр­сетті.

Испанияда өнер көрсетті

«Астана сазы» Қазақ мем­­­­ле­кеттік фольклорлық ан­самблі – еліміздің же­тек­ші шы­ғар­ма­шылық ұжым­да­­ры­ның бірі. Фольклорлық ан­самбль музыканттары тың­­даушыларды домбыра, қо­быз, шертер, шаңқобыз, сазсыр­най, сыбыз­ғы, асатаяқ, дауыл­паз, тұяқтас, қоңырау, т.б. ха­лық музы­к­алық аспап­та­ры­ның үнімен танысты­рып келеді. Ансамбльдің көр­кем­­дік же­тек­шісі – Нұркен Яқияев.

Ансамбль отандық музыка сала­сында өзіндік орны бар, көре­р­мен тарапынан зор сұра­нысқа ие үздік ұжым ретін­де «Қазақконцерттің» брен­діне айналды. «Астана сазы» тың­д­аушыларға халық шы­ғар­ма­шылығының ұлттық бояуын­ сақтай отырып, заманауи өңдеу­ле­рін ұсынып жүр.

«Астана сазы» ансам­блі­нің­ репертуары түрлі ха­лық­­­­­тың дәстүрлі аспаптық му­­зы­­ка­­сына және заманауи автор­лық шығармаларға бай. Ұжым әртістері Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Таяу Шығыс елдерінде өнер көрсетіп, көптеген іс-ша­ра­­ға белсенді қатысып келеді.

Қазақ халық шығарма­шы­лы­ғының дамуына, дәріп­телуіне зор үлес қосып жүрген ансамбль жиналған қауым назарына ұлт­тық өнері­міздің жауһарлары мен өз репертуарындағы танымал шығармаларын ұсынды. Бұл рухани кеш – Мадрид қала­сындағы ерекше мәдени оқиға ғана емес, сонымен қатар Қазақстан мен Испания ара­сын­дағы шығармашылық бай­ланыстарды нығайтуға бағыт­талған ма­ңызды қадам бол­ғаны сөзсіз.