ҚОСТАНАЙ. 16 маусым. І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрында айтыс өнеріндегі қос ақберен ақын Әсия мен Әселханның кеші өтті. Бұл туралы egemen.kz тішісі хабарлады.
80-90 жылдары халқымыздың айтыс өнерін биікке көтеруде бір шоқ ақындардың арасында Әселхан мен Әсияның да еңбегі ерекше болатын. Бұл кеш бір күнде, бір жылда туған егіз қозыдай қазақтың қос қызының мерейтойына байланысты өтті. Қос ақынның шығармашылық кеші алдымен Шымкентте, сосын Қостанайда жалғасын тапты. Онда келушілер алдымен облыстық әмбебап кітапхана ұжымы дайындаған қос ақын туралы және олардың шығармашылығына арналған көрмені тамашалады.
Кештен бұрын қос ақынды облыс әкімі Нұралы Сәдуақасов қабылдады. Кеште облыс әкімінің орынбасары Мұрат Дәрібаев құттықтап, Әсия мен Әселханға облыс әкімі атынан сый-сияпат жасап, иықтарына камзол жауып, әрқайсысына 1 миллион теңгенің сертификатын берді.
Кеште Әселхан мен Әсия өз өлеңдерін оқып, олардың сөзіне жазылған әндер шырқалды. Айтыс туралы ақжарма әңгіме де айтылмай қалмады. Бақытты ақындардың әндерін олардың балалары мен немерелері де айтты. Қос ақынды белгілі сатирик Көпен Әмірбеков құттықтады.
Сонымен қаатр кешен бір күни бұрын Әселхан мен Әсияның кеші әсияның туған жері Әулиекөл ауданында да өтті.
Нәзира Жәрімбетова.
Дерек, сурет: egemen.kz