16 Маусым, 2015

Еліміз бойынша пітір садақа жан басына 200 теңге болып бекітілді

494 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
16-06-2015-sadaka 01АСТАНА. 16 маусым. Биыл пітір садақа еліміз бойынша жан басына 200 теңге болып бекітілді. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының найб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының мәлімдемесіне сілтеме жасаған «ҚазАқпарат» хабарлады. «Пітір садақаны рамазан айының басынан айт намазына дейін беруге болады. Биыл пітір садақа еліміз бойынша жан басына 200 теңге болып бекітілді», – деді найб мүфти. Сонымен қатар, ол Астана қаласындағы барлық мешіттер Рамазан айына қолдан келгенше дайындалып жатқаны айтты. «Әзірет Сұлтан» және «Нұр Астана» мешіттері 400-500 адамға арналған ауызшарлар ұйымдастырады. Одан бөлек, әрбір мешіт өз деңгейінде қайырымдылық шараларымен айналысатын болады. Бұл шара негізінен қарттар үйіне, жетімдер үйіне, болмаса, көп балалы үйлерге бағытталады. Сондай-ақ, қатты сырқат, бірақ еміне қаражат жетпеген жандарға көмектесу де жоспарда бар», – деді Наурызбай қажы Тағанұлы. Айта кетейік, биыл қасиетті рамазан айы 18 маусымда басталады. Талғат Райымбек. Дерек: «ҚазАқпарат». Сурет: ihsan.kz.